Қытайлық компания Алматы облысында электромобильдер шығармақ

14 декабря 2023 года

Алматы облысында жалпы сомасы 217 млрд теңгеден асатын жобаларды іске асыру жоспарлануда. Бұл туралы LS-ке өңірлік әкімдікте хабарлады.

Әкімдіктің мәліметінше, шетелдік компаниялармен және қазақстандық кәсіпкерлермен сегіз меморандумға қол қойылды.

Инвестициялардың жалпы көлемі 217 млрд теңгеден асады деп күтілуде.  

Ақпаратқа сәйкес, Қытайдан келген компания электромобильдер өндірісін қолға алмақ. Сондай-ақ, облыста қытайлық инвестордың қатысуымен цемент зауыты, логистикалық хаб салынып, пайдалануға беріледі.

Қытайдан келген тағы бір компания суару жүйелерін шығару, тракторлар мен басқа да ауылшаруашылық техникаларын құрастыру жобасын жүзеге асыруға мүдделі. Бұдан басқа, өңірде тон тігу және ауыл шаруашылығы техникасын шығару цехы салынады. 

Қазақстандық инвестор Алматы облысында фармацевтикалық кластер құруды жоспарлап отыр.

Өңірде сүт және ашытылған сүт өнімдерін, оның ішінде жемшөп базасын, құрама-жем өндіруді, сүтті қайта өндеудің толық циклін ашу мүмкіндігі қарастырылуда. Сонымен қатар, облыста көлік-логистикалық орталық ұйымдастырылуы мүмкін.

Әзірге аталмыш жобаларды іске асыру мерзімдері айтылмады.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Последние новости:
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.