Қытай мен Үндістан азаматтары Қазақстанға жұмысқа келуде

27 марта 2025 года

Қазақстанда шамамен 13,6 мың шетелдік ресми түрде жұмыс істеп жүр, деп хабарлайды LS.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша, 2025 жылғы 1 наурыздағы жағдайға сәйкес, осынша шетелдік жергілікті мемлекеттік органдардың рұқсатымен еңбек етіп жүр.

Қазақстанға келген еңбек мигранттарының басым бөлігі Қытайдан – 4,9 мың адам, Үндістаннан – 1,2 мың адам, Түркиядан – 1,2 мың адам және Өзбекстаннан – 1 мың адам.

13,6 мың шетелдіктің ішінде 569-ы – басшылар мен олардың орынбасарлары, ал 2,5 мыңы – құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері.

Ең көп рұқсат мамандарға (4,7 мың адам) және білікті жұмысшыларға (1 мың адам) берілген.

Сонымен қатар, маусымдық жұмыстарға 1,2 мың адам тартылса, корпоративтік ауыстыру аясында 3,6 мың шетелдік маман еңбек етуде.

Жалпы, Қазақстанда 1,7 мың жұмыс беруші шетелдік мамандарды тартады. Бұл ұйымдарда 377,6 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді (жалпы қызметкерлер санының 96,5%-ы).

Салалар бойынша ең көп шетелдік азаматтар құрылыс саласында – 5 мың адам, ауыл, орман және балық шаруашылығында – 1,3 мың адам, өңдеу өнеркәсібінде – 1,3 мың адам, тау-кен металлургия кешенінде – 1,3 мың адам, әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласында – 975 адам жұмыс істейді.

Ал 2025 жылы шетелдік жұмыс күшіне арналған жалпы квота елдегі жұмыс күшінің 0,2%-ы (14,8 мың бірлік) мөлшерінде белгіленді.

Бұған дейін, LS редакциясы Қазақстан мен шетелдегі жалақы мөлшері туралы инфографика жариялаған болатын.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.