Ұялы байланыс операторлары IMEI-кодтардың енгізілу барысы туралы айтты

Бірақ, жұмыс тобының кейбір мүшелерінің айтуынша бұл проблема емес

26 апреля 2017 года

Ұялы телефондарды тіркеуді міндеттейтін жобаның әзірленуі әлі күнге дейін келісімге келу кезеңінде, деп хабарлады LS-ке ақпарат және коммуникациялар министрлігі.

Ведомство мәселенің жай-жапсары түпкілікті шешім қабылданған соң барып айтылатынын мәлімдеді. Ал ұялы байланыс операторларының сөздеріне қарағанда, елімізде абоненттік құрылғылардың IMEI-кодтарының мәліметтер базасы құрылады.

Tele2 және Altel Қоғаммен байланыс жөніндегі директоры Олжас Бибановтың сөзінше, қазіргі уақытта жұмыс тобы осы базаны толықтыру принциптерін және ақпараттың мазмұнын талқылап жатыр. Операторлар абоненттердің жеке мәліметтерін қорғау үшін көбірек кепілдік беретін нұсқаға қолдау білдіріп отыр.

"Әлемдік тәжірибеге қарасақ, абоненттік ұялы байланыс құрылғыларының қолды болуымен күресуде кеңінен тарлаған тәсіл ұрланған абоненттік құрылғылардың бірыңғай мәліметтер базасы – "қара тізімін" құру болып табылады. Осы мәліметтер базасы іске қосылғаннан кейін азаматтарға абоненттік құрылғысын бұғаттау үшін желісіндегі әр операторға бару қажет болмайды, ішкі істер органдарына шағымданса, жеткілікті. Бұдан соң полиция қызметкерлері  осы мәліметтер базасына абоненттік құрылғының IMEI-кодын өздері қосады. Орталықтандырылған мәліметтер базасынан ақпарат әр операторға жіберіледі, ал операторлар өз желісіндегі абоненттік құрылғының жұмысын бұғаттауға міндетті. Бұл тәсілдің біздің елімізде де табысты қолданыла алатынына көзіміз жетіп отыр", – дейді ол.

Олжас Бибановтың айтуынша, абоненттік құрылғының қайталанған IMEI кодының болуы немесе оның болмауы мәселесі ұялы байланыс пайда болғаннан бері орын алып келеді.

"Мәселе мынада, бірдей IMEI-код ондаған мың телефон аппараттарына берілуі мүмкін. Ал осындай коды бар ұрланған телефонды бұғаттаған жағдайда біз автоматты түрде барлық құрылғылардың жұмысын бұғаттап тастаймыз. Демек, абоненттер өздерінің заңды түрде алған абоненттік құрылғылар біздің желімізде пайдалана алмай қалады. Бұл бірінші кезекте оператордың жұмысына көңіл толмауға әкеледі, шығындар орын алып, бизнесіміздің жолына тосқауыл болады. Сонымен қатар компьютердің МАС-адресінің болуы сияқты  IMEI-кодтың болуы абоненттік құрылғы үшін міндетті талап болып табылмайды. IMEI-код құрылғы өндірушілерінің арасында GSM-ассоциациялардың бастамасы бойынша таралады, алайда өндірушілер оны сатып алуға міндетті емес. Сондықтан IMEI-кодтары жоқ құрылғылар бойынша қандай шаралар қабылдау қажеттігі туралы мәселенің басы ашық күйінде қалып отыр",  – деп  түсіндірді ол.

Ал "Beeline Қазақстан" компаниясының корпоративтік коммуникациялар жөніндегі директоры Алексей Бендзь IMEI-кодтардың қайталану мәселесі уақыт өте келе жойылады деп санайды.

"Екі, үш IMEI-кодтары бар телефондар мысалы, қазіргі кездегі рулі оң жағындағы машиналар тәрізді біртіндеп жойылып, заңды ұялы телефондармен алмасатын болады. Ондай машиналардың сатылуына тыйым салынғаннан кейін бірнеше жылдан соң жолдарда рулі оң жақтағы машиналарды кездестіре қоймаймыз. Телефондар да сол сияқты болады. Әрі, смартфондардың қызмет ету мерзімі машиналармен салыстырғанда біршама аз", деді ол.

Өз кезегінде "Кселл" компаниясының  коммуникациялар бөлімінің басшысы Наталья Еськова бірыңғай базаны құру бірнеше кезеңдерден тұруы тиіс деген пікірін білдірді.

"Бұл кезеңдердің әрқайсысын жүзеге асыру үшін жеткілікті уақыт керек. Ең алдымен ұрланған телефондардың IMEI-кодтарының бірыңғай "қара тізімі" жасалуы тиіс. Контрафактілі абоненттік құрылғыларды әкелуді азайтуға бағытталған шаралар кейінгі кезеңінде қабылдануы тиіс. Бұл жағдайда халықпен дайындық және түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет", – деді ол.

Еске салайық, 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда желідегі абоненттік құрылғылардың сәйкестендіру нөмірлерінің бірыңғай мәліметтер базасын құру нормасы күшіне енеді. Қабылданған заң бойынша ұялы байланыс операторлары желідегі абоненттік құрылғылардың сәйкестендіру кодтарының бірыңғай мәліметтер базасына сәйкестендіру кодтары тіркелмеген абоненттік құрылғыларға қызмет көрсетуге міндетті емес. Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде ұялы телефондарды абоненттердің тікелей қатысуынсыз тіркеу процедурасы әзірленіп жатқанын жеткізді.   

Осыған орай, байланыс операторларының пікірінше, смартфондардың бағасы өсуі мүмкін.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.