Қазақстанда тасымалдаушының кінәсінен рейстерді кешіктіргені үшін авиакомпаниялардың жазасын қатаңдату жоспарлануда. Бұл туралы LS-ке азаматтық авиация комитетінде хабарлады.
Ведомствоның ақпараты бойынша, кешіктірудің әр сағаты үшін тасымалдаушы билет құнының 3% мөлшерінде айыппұл төлейді.
"Рейстер кешіктірілген кезде жолаушылардың құқықтарын қорғау мақсатында авиакомпаниялар айыппұл төлемеген кезде әкімшілік жауапкершілікті енгізу мәселесі қарастырылуда", - деп түсіндірді комитетте.
Ведомствода рейстердің кешігуінің негізгі себептері техникалық ақаулық, күрделі ауа-райы жағдайлары, әуе кемесінің кеш келуі болып табылатынын атап өтті. Бұл ретте 2021 жылы Қазақстанда ұшу тұрақтылығы 81%-ды құрады, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 36%-ға артық.
Сонымен қатар авиакомпанияның кінәсінен рейстер кешіктірілген немесе тоқтатылған кезде тасымалдаушы* бірқатар қызметтер көрсетуге міндетті. Оны орындамағаны үшін айыппұл салынады.
"ҚР әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы "Заңға сәйкес әуе рейсінің кешігуі кезіндегі авиакомпанияның міндеттемелері:
- рейсті екі сағаттан артық күткен кезде салқындатылған сусындарды беру;
- төрт сағаттан артық және одан әрі әрбір алты сағат (күндіз)/сегіз сағат (түнде)сайын күткен кезде ыстық тамақ;
- рейсті сегіз сағаттан (күндіз)/алты сағаттан (түнде)артық күткен кезде қонақ үйге орналастыру;
- әуежайдан қонақ үйге және кері трансфер.
Тасымалдаушының кінәсінен 10 сағаттан астам мерзімге күші жойылған немесе кідіртілген кезде авиакомпания:
- жолаушыны билетте көрсетілген межелі пунктке дейін жақын арада ұшатын рейспен тасымалдауды қамтамасыз ету;
- жолаушыға билеттің толық құнын қайтаруға міндетті.