TAV Airports Алматы әуежайына 150 млн еуро қаржы құяды

Мемлекеттік басқару әуе айлақтары дамуының артта қалуына әкеледі

27 ноября 2019 года

TAV Airports компаниясының Алматы халықаралық әуежайын сату жөніндегі мәміле аяқталды. Жаңа иесі әуе айлағына 150 млн еуро қаржы салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды LS.

TAV Airports басшысы Сани Шенердің айтуынша, инвестиция жаңартылған әуежайдың мүмкіндіктерін жақсартуға мүмкіндік береді.

"Біздің компания VPE Capital жергілікті серіктесімен бірлесе отырып, келісім жасайды. Ол аяқталу үстінде. Алматы әуежайы өңірдегі ең ірі әрі перспективасы жоғары әуежай болып табылады. Сондықтан оған 150 млн еуро салуды жоспарлап отырмыз",-деп атап өтті Шенер.

Ол өз сөзінде, жолаушылар ағынының 1 млн адамға артуы әуежайда 1 мың жұмыс орнын және қалада 1 мың жұмыс орнын құра алады. Сондай-ақ, тағы 1 мың адам жұмысқа орналасқан 2 мың адамнан пайда көреді деді.

Сонымен қатар, Шенер әуежайларға жеке меншік иелері неге қажет екенін түсіндірді. Оның айтуынша, авиациялық саладағы үш қатысушының арасында- ұшақтарды, авиакомпаниялар мен әуежайларды өндірушілер- соңғысы көбінесе мемлекеттік басқаруда қалып даму жағынан артта қалып жатады.

Оның үстіне, Шенер 20 жылдан кейін әлемдегі жыл сайынғы жолаушылар ағыны 7 млрд адамға жетеді деген сандарды келтіре отырып, авиациялық саланы дамытудың оң перспективаларын атап өтті. Ал 2036 жылға қарай ұшақтар саны 20 мыңнан 40 мыңға дейін артуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы әуежайын TAV Airports түрік компаниясы сатып алатыны және оның 46%- дан астамы Француз Groupe DPE тиесілі екені туралы хабарланған болатын.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Последние новости:
На чем зарабатывают казахстанские банки и почему они прибыльнее развитых стран
вчера
Жители Казахстана тратят на еду большую часть зарплаты, чем в Беларуси, России и Китае. Инфографика
вчера
Минздрав пересмотрит лицензирование стоматологов после скандала с пенсионными деньгами
вчера
Қазақстан ЕО санкциялар жөнінде ескерту алмады
вчера
Дьявол кроется в деталях: названы главные страхи инвесторов горнорудной отрасли
вчера
Бюрократия дороже урожая: Казахстан теряет овощные рынки соседей
вчера
Казахстан не получал уведомлений от ЕС о введении вторичных санкций
вчера
Нацбанк выполняет свою роль, но инфляция остается высокой из-за действий правительства – мнение
вчера
НПЗ Казахстана обяжут производить больше востребованных ГСМ
вчера
Банктер шоттар жайлы мәліметті салықшыларға тапсырады
16 сентября 2025 года
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.