Түркістан облысында 48 миллиардтан астам теңгеге жобалар ашылмақ

Олардың іске қосылуы биылға жылға жоспарланып отыр

23 марта 2021 года

Түркістан облысында шетелдік инвестициялармен 48,5 млрд теңгеге жасыл жобалар ашылуы күтілуде. Бұл туралы LS-ке өңірлік әкімдіктен хабарлады.

Мәселен, Кентау, Отырар және Мақтаарал аудандарында 2021 жылы күн электр станциялары іске қосылады. Инвестицияның жалпы көлемі 48,5 млрд теңге.

Мәселен, Кентауда ресейлік компаниямен бірлесіп 34,9 млрд теңгеге екі жасыл жоба жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, биыл 15,2 және 19,7 млрд теңгеге күн электр станциясы іске қосылмақ. Ныснда құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып үлгерді.

Сондай-ақ, Мақтаарал ауданында 1,15 млрд теңгеге күн станциясы бой көтерді. Ақпаратқа сәйкес, жабдықтың жеткізілуіне байланысты жобаның іске қосылу мерзімі осы жылға ауыстырылған.

Отырар ауданында 12,5 млрд теңгеге жасыл нысанның құрылысы басталды. Жобаны италияндық компания қаржыландырды. Бұған дейін әкімдікте станцияның қуаты 50 МВт болатынын хабарлаған еді. Жоба 100 га аймаққа орналасып, онда 100 мыңнан астам фотоэлектрлік панельдер, қосалқы станция және ұзындығы 8 км электр тарататын әуе желілері салынады.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің айтуынша, өңірде 320 МВт электр энергиясының тапшылығы байқалады. Оның сөзінше, облыста 9 ірі күн электр станциясы мен 6 су электр станциясы салынып жатыр. Оның ішінде биыл Түркістан облысында 52 млрд теңгеге қуаты 120 МВт күн станцияларын салу жоспарлануда.

Сонымен қатар, Мейіржан Мырзалиев бүгінгі таңда күн және су электр станцияларын салу бағытында 10 инвестициялық жоба іске асырылғанын айтты.

Бұған дейін LS өңірде 1,3 трлн теңгеге 110 инвестициялық жобадан тұратын пул қалыптасқанын жазған болатын. Жаңа өндірістерді ашу есебінен 2021-2025 жылдары 19 мың жаңа жұмыс орындары құрылады деп күтілуде. Тағы 5 мыңнан астам қазақстандық "Кәсіпкерлікті қолдау картасы" аясында 367 млрд теңгенің 18 жобасы іске асқаннан кейін жұмысқа орналаса алады.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.