Қазақстанда судың "қара нарығы"жалпы тұтынудың 5-10%-ын құрайды, деп хабарлайды LS.
Су ресурстары мен ирригация министрі Нұржан Нұржігітов елде осы ресурстың заңсыз нарығының бар екенін растады.
"Судың "қара нарығы" бар. Біздің алдын ала есептеулеріміз бойынша, ол жалпы пайдалану көлемінің 5-10%-ын құрайды. Қазақстан бойынша жалпы су тұтыну шамамен 25 млрд куб. м, оның 60%-ы, яғни 15 млрд куб. м, ауыл шаруашылығына тиесілі. Қазір біз осы саладағы су қара нарығына қарсы үлкен жұмыс жүргізіп жатырмыз",- деді министр.
Министртің айтуынша, келісімшартсыз су пайдаланғандар екі есе тариф төлеуге міндетті.
"Егер ауыл шаруашылық өндіруші бір дақылға келісімшарт жасаса, бірақ басқа дақыл егетін болса, айыппұл тарифтің 1,5 есесін құрайды. 2025 жылы мұндай жағдайлар тіркелді: 57 рет су келісімшартсыз қолданылған және 169 рет аграрийлер дақылды өзгертті", - деп қосты ол.
Қазіргі уақытта ведомство Бас прокуратурамен бірлесе отырып, заңсыз су пайдалануға қарсы іс-қимыл жоспарын әзірлеп жатыр. Жерлерде тексерулер жүргізу үшін ведомстволар аралық жұмыс тобы құрылуы жоспарланып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда суармалы судың тапшылығы күтілуде.
Сонымен қатар, елде коммуналдық қызметтер мен суды төлеуге арналған Smart Turmys цифрлық платформасы қалыптасып жатыр.










