Жеке тұлғалар үшін теңгедегі депозит бойынша сыйақы мөлшерлемесін 10-нан 17 %-ға көтеру ұлттық валютаға деген сенімді қайтара алмайды. Халық банкі Басқарма төрайымының пікіріне қарағанда, мөлшерлеменің өсуі несие нарығына кері әсер етеді. Бұл туралы ол LS-ке берген сұхбатында мәлімдеді.
– Үміт Болатханқызы, қаржылық қызметтерді дамытудың ұлттық қоры бұған дейін теңгелік қарыз мөлшерлемесін 17 %-ға дейін көтеруді ұсынған болатын. Сіз қалай ойлайсыз, мұндай қадам теңгеге қатысты қатынасты өзгерте ала ма?
– Менің ойымша, бұл тетік теңгеге деген сенімді нығайта алмайды. Біз ұқсас тақырып бойынша зерттеу жүргізіп, мөлшерлемені көтерудің әсері өте төмен болады деген шешімге келдік. Ағымдағы қоржынды қайта бағалау тұрғысынан келгенде де ауытқушылықтар болады. Өйткені банктердің қор жинау шығындары айтарлықтай өседі. Сонымен бірге депозиттегі үлестерде де өзгерістер болмайды. Осының нәтижесінде біз қолайсыз зардаптарға ұрынамыз.
Бұл мәселелер бойынша бізде Ұлттық банкпен де, екінші деңгейлі өзге банктермен де қызу пікірталастар өтті. 2014 жылы теңгедегі депозит бойынша мөлшерлемені 9-дан 10 %-ға көтергенде кейбір банктерде доллардағы салымдар 40-тан 90 %-ға дейін өсті. Мөлшерлеменің ұлғайғанына ешкім де қарамады. Басты мәселе – халықтың үміті. Сол себепті, егер теңгеге сенім болмаса және қазақстандықтар девальвацияны ары қарай да күте беретін болса, теңге бойынша депозит мөлшерлемесінің 17 пайызы үлкен рөл ойнай алмайды. Қалыптасқан мәселелерді шешу үшін басқа құралдар керек.
Қазақстанда теңге бойынша депозит мөлшерлемесі онсыз да тартымды. Ол теңгеде – 10, доларда – 3 %. 8 пайыз әбден жеткілікті айырма.
– Сіздің көзқарасыңыз бойынша, мөлшерлемені көтеру ықтималдығы несиелеу нарығына қалай әсер етеді?
– Депозит бойынша 17 %-бен біз экономиканы несиелеуді толықтай жоямыз. Қазақстандықтардың 20 %-бен несие алуға жағдайы болмайды. Банктердің өздері де несиені қайтармау ықтималы артатын болғандықтан мұндай тәртіппен қарыз бермейді. Нәтижесінде қорлану тұтыну несиелерін беруден банктерде ғана жүреді. Дегенмен біз қазірдің өзінде бұл салада көпіршіктің қалай көтеріліп жатқанын көріп отырмыз. Тұтыну секторында нашар несиелердің өсімі байқалуда. NLP кейбір банктерде 2-ден 5 %-ға дейін ұлғайды. Нәтижесінде, ертең ахуал шиелініскен кезде біз тағы да бұл немесе ана банкті құтқарамыз ба? Бұл не үшін керек? Сол себепті мөлшерлемені өзгертуге қатысты барлық мәселеге қатты ойластырып барып келу керек.
– Солай болса да, теңгеге сенімді қайтару үшін қандай тетіктер керек?
– Ең бастысы – бұл халықтың тұрақтылықты күтуі. Бұл үшін Ұлттық банк тарапынан айқындық керек. Мүмкін, таяу жарты жылдағы теңге бағамы қозғалысының дәлізін белгілеу керек шығар. Сонда ғана доллардағы салымдарды теңгеге айналдыру басталады.
– Ағымдағы қиын жағдайда несие бойынша төлемеушіліктің өсуін күтесіз бе? Standard & Poor’s мерзімі өткен несиелер үлесінің артатынын болжап отыр.
– Әрбір банкте ахуал жекеше қойылады. Бәрі қаржы құрылымдары қоржынының құрылымына байланысты. Өзіміздің банкте біз жеткілікті деңгейде жайлы сезінеміз. Бірақ, жалпы ахуал туралы айтқанда, әрине мен банк жүйесінде қоржын сапасының нашарлауын күтем. Ол қаншалықты екенін бағалау әзірге қиын. Дегенмен, менің пайымдауымша жұмыс істемейтін несиелердің жалпы деңгейі бойынша нашарлау кемінде 2 % болады. Бұл қорытындылар келесі жылдың көктемінде орын алуы мүмкін.