Ірі қара мал импортын субсидиялауды өзгерту ұсынылды

11 декабря 2024 года

Қазақстанда асыл тұқымды малды әкелуді субсидиялауды тоқтату ұсынылды. Бұл туралы мәжіліс депутаты Асхат Рахымжанов айтты, деп хабарлайды LS.

"Бұл салада көптеген түйіткілдер мен тәуекелдер бар соның ішінде сыбайлас жемқорлық. Мәселен, импортталған малдың аурудан қайтыс болғаны немесе акклиматизациядан өтпегені туралы көптеген фактілер тіркелген. Сондай-ақ, бір ауыл шаруашылығы оларды сатып алып, содан кейін екіншісіне жібереді және екеуі де бірдей сиырларға субсидия алады. Мұндай мемлекеттік қолдауға деген көзқарасты өзгертетін уақыт келген сияқты. Қалай ойлайсыз? Жануарлардың өзін емес асыл тұқымын әкелуге артықшылық берген дұрыс сияқты", - деді ол бейінді ведомство басшысына жүгініп.

Өз кезегінде ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров осы бағытта қандай қадамдар жасалатыны туралы айтып берді.

"Біз үш жолмен жүруіміз керек. Біріншісі – отандық асыл тұқымды малды қолдау. Екіншісі – олардың санын тез көбейту үшін алыс шетелден аналық малды, сондай-ақ, бұқаларды әкелу керек. Біз төртінші буындағы тұқымдық түрлендірулерді аламыз және бұл үшін 10-12 жыл қажет. Үшінші бағыт – бір жынысты және екі жынысты жануарлардың тұқымын әкелу. Осылайша жылжи береміз", - деп түсіндірді ол.

Сонымен қатар, Сапаров таңдау фермерлерде екенін және олар өз бизнесін тез көтеру үшін елде барлық жағдай жасалғанын алға тартты.

"Малды бір шаруа қожалығынан екіншісіне жіберуге қатысты: мұндай жағдайлар болуы мүмкін, бірақ оны жоғары аудиторлық палата да, құқық қорғау органдары да тексереді. Бірқатар бұзушылықтар болды. Бірақ олардың барлығы қалпына келтірілді. Бүгінде салада 2 млрд теңге бұзушылық бар, олар да бюджетке қайтарылды, сондықтан біз бұл мәселемен жұмыс істеп жатырмыз", - деді ол.

Мәжілісмен Бақытжан Базарбек мемлекеттік қолдау бөлігінде теріс пайдалану фактілері туралы айтты.

"Жымқыру маразмы тіпті 108 жасар сиырды субсидиялау фактісі анықталғанға жетті. Жануардың туған күні – 1914 жылдың 6 наурызы. Басқаша айтқанда, әкімдіктер Амангелді Иманов көтерілісінен екі жыл бұрын, бірінші дүниежүзілік соғыстың басында және Қазан төңкерісіне дейін үш жыл бұрын дүниеге келген сиырды субсидиялаған. Сонымен қатар, субсидиялар белсенді емес фирмаларға, банкроттарға, жалған кәсіпкерлерге және тіпті қайтыс болған адамдарға берілген. Мәселен, 254 млн теңге сомаға 148 өтінім бойынша субъектілер таратылды. Ал Түркістан облысы мен Шымкенттегі 968 шаруашылық субсидия алған сәтте кәсіпкерлік қызметін тоқтатты", - деп түйіндеді депутат.

Бұған дейін, жоғары аудиторлық палатада ауыл шаруашылығы саласындағы бұзушылықтарға байланысты бюджеттің жоғалуы туралы айтылған болатын.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Последние новости:
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.