Президент Қасым-Жомарт Тоқаев заңсыз шығарылған ақшаны елге қайтару бойынша үкіметке ұсыныстар беруді тапсырды, деп хабарлайды LS.
"Үкіметке екі ай мерзімде шетелге заңсыз әкетілген қаражатты және онда сатып алынған активтерді елге қайтару жөнінде ұсыныстар беру тапсырылады", - деп атап өтті ол үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Бұған дейін, президент Ұлттық банкке қаржы нарығын реттеу және қаржы мониторингі агенттіктерімен бірлесіп, барлық транзакцияларды тексеріп, қаражатты елден негізсіз шығаратын тұлғаларды бақылауды қамтамасыз етуді тапсырған болатын.
Сонымен қатар, "Ақ Жол" партиясының депутаттары Тax justice network халықаралық ұйымының ақпаратына сүйене, соңғы 25 жылда Қазақстаннан шетелдік офшорларға шамамен $140-160 млрд шығарылғанын айтты. Осыған байланысты олар ақшаны елге қайтаруды және осы қаражатты жөнелтушілер туралы деректерді ұсынуды талап етуде.