Қазақстаннан бес айдың ішінде 40 мың адам қоныс аударды

Өзге елге көшкендердің басым бөлігі Шығыс Қазақстан, Қарағанды облысы және Алматы қаласынан кетті.

3 июля 2018 года

2018 жылдың қаңтар-мамыр айларының аралығында 40 мың қазақстандық шет елге көшті, деп хабарлайды LS.

Ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, алғашқы бес айдың ішінде Қазақстаннан көшу туралы 39 891 құжат тіркелді.

Елді мекенді ауыстыру туралы құжаттардың басым бөлігі Қостанай, Шығыс-Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары мен Алматы қаласында рәсімделді.

Қазақстандықтардың көбі Ресей, Германия, Польша, АҚШ, Канада және Израильге қоныс аударған.

Еске сала кетейік, 2017 жылдың қаңтар-қараша аралығында Қазақстаннан 35 мың адам кетті.

Кейінірек Ішкі істер министрлігі редакцияға хабарласып, өздері берген мәліметтердің қате екенін мәлімдеді. Бөлім жаңа деректерді ұсынды.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.