Павлодар облысында екі зауыттың іске қосылуы қолайлы кезеңге қалдырылды

Бұған дейін аймақта жоба тоқтап тұрғаны туралы хабарланған болатын

5 марта 2021 года
    

Павлодар облысында 6 млрд теңгеге екі өндірістің іске қосу мерзімі ауыстырылды. Бұл туралы LS-ке өңірлік әкімдікте хабарлады.

Екі жоба "Павлодар" АЭА-да жүзеге асырылуда. LS-ке хабарлағандай, қазіргі уақытта 5 млрд теңге құрайтын өндірістің басталуы COVID-19 салдарынан ауыстырылған. Ақпаратқа сәйкес, жоба бастамашысы 2019 жылы алюминий дискілерін өндірудің толық циклі үшін бояу цехы бар жеке корпустың құрылысын бастады.

"Қазіргі уақытта іргетасты құю, металл конструкцияларын құрастыру, ғимарат қаңқасының қабырғалық және шатырлық панельдерін қаптау жұмыстары аяқталды. Жабдық өз қоймаларында", - деп қосты әкімдікте.

Өндірісті іске қосу мерзімі әлі анықталған жоқ. Айта кетейік, жобаның қуаттылығы жылына 1 млн дискіге дейін жетеді. 80 адам жұмыс орнымен қамтылмақ.

Екінші 1,2 млрд теңгеге мазут пен мұнай өнеркәсібінің өзге де ауыр қалдықтарын қайта өңдеу зауытын ашуға қатысты айтар болсақ, аталмыш жоба осы жылы іске қосылады деп болжануда.

"Дүниежүзілік пандемияға байланысты 2020 жылдың IV тоқсанына жоспарланған іске қосу- жөндеу жұмыстары және өнімнің бірінші партиясын алумен сынамалық іске қосу процесі 2021 жылдың II тоқсанына ауыстырылды", - деп хабарлады LS-ке.

Мемлекеттік мекеменің мәліметінше, бірінші кезектегі нысандар бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталған. Сондай-ақ, электронды компоненттер мен қосалқы жабдықтардың бір бөлігі сатып алынды. Зауыттың қуаттылығы жылына 24 мың тонна өнімді құрайды деп күтілуде. Кәсіпорында 36 адам жұмыспен қамтылады.

Бұған дейін LS Павлодар облысында 500 млн теңгеге жоба тоқтатылғанын хабаралаған болатын. Павлодар АЭА-да экскаватор шөмішінің тістері мен тәждерін құю өндірісін жолға қою жоспарланған болатын. Айта кетейік, өңірде сондай ақ 14,5 млрд теңгеге екі өндірісті іске қосу жоспарланып отыр.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.