Қазақстан 30 жылдан соң Арменияға астық жеткізуді қайта бастады

сегодня

Қазақстан 30 жыл үзілістен соң Арменияға бидай жеткізуді қайта жандандырды, деп хабарлайды LS ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Министрліктің дерегінше, ұлттық астық операторы Азербайжан аумағы арқылы транзитке қойылған шектеулер алынғаннан кейін алғашқы азық-түлік бидайын жөнелтті. Бұл 30 жылда алғаш рет жүзеге асып отыр. Мұндай мүмкіндік екі ел президенттері –Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиевтің келісімдерінің арқасында мүмкін болды.

6 қарашада 15 вагоннан тұратын пойыз Азербайжан шекарасынан өтіп, жақын күндері Армениядағы "Даларик" станциясына жетеді. Осылайша, Қазақстан мен Армения арасында жаңа теміржол бағыты ашылады.

Армениядан бөлек, биыл қазақстандық астық тағы 24 елге экспортталған. Ірі көлемдегі (150 мың тоннадан астам) партиялар Қырғызстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Өзбекстан, Алжир, Ауғанстан, Италия және Мароккоға жөнелтілген.

Сондай-ақ сатып алушылар қатарында Ресей, Түрікменстан, Бельгия, Вьетнам, Грузия, Дания, Мысыр, Ирак, Иран, Қытай, Латвия, Нидерланды, Норвегия, БАӘ, Польша және Португалия бар.

2025 жылдың қаңтар–тамыз айларында Қазақстан шетелге 4,8 млн тонна астық экспорттап, одан $990,2 млн табыс тапқан. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5 есе көп.

Бұған дейін, LS редакциясы елімізде бидай экспортының табысы айтарлықтай артқанын хабарлаған еді.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.