Отбасы банк зейнетақымен тіс емдеуге өтінім қабылдауды тоқтатты

сегодня

Отбасы банк зейнетақы жинағының артық бөлігін стоматологиялық қызметке пайдалану бойынша өтінім қабылдауды уақытша тоқтататынын мәлімдеді, деп хабарлайды LS. Бұл туралы банк ресми түрде хабарлады.

"2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап enpf-otbasy.kz платформасында тіс емдеуге байланысты өтінімдер қабылданбайды. Ал осы күнге дейін берілген өтінімдер әдеттегі тәртіппен қаралады", - делінген хабарламада.

Зейнетақы жинағының бір бөлігін тіс емдеуге пайдалану өтінімдерін қайта қабылдау мерзімі туралы банк қосымша ақпарат береді.

2025 жылғы қыркүйектегі мәліметке сүйенсек, БЖЗҚ-дан тұрғын үй жағдайын жақсартуға – 4,1 трлн теңге, емделуге – 888 млрд теңге жұмсалған. Сондай-ақ, 87 млрд теңге жеке инвестициялық компаниялардың сенімгерлік басқаруына берілген.

Бұған дейін Қаржы мониторингі агенттігі қазақстандықтардың БЖЗҚ-дан тіс емдеуге жалған құжат рәсімдеу арқылы 200 млрд теңге алғанын мәлімдеген еді.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.