Қос азаматтығы бар зейнеткерлерді өмірлік қарыз қаупі күтіп тұр

сегодня

Қос азаматтығы бар зейнеткерлер мемлекеттен алған төлемдерін бюджетке қайтарады, деп хабарлайды LS.

Мәжіліс кулуарында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова екі елден бірдей зейнетақы алып отырған азаматтарға қандай шара қолданылатынына қатысты LS тілшісінің сауалына жауап берді.

"Оларға қолданылатын жаза біреу ғана – заңсыз алынған қаржыны бюджетке қайтару. Зиян көлемін Қаржылық мониторинг агенттігі есептейді. Барлық материалдар тиісті органға тапсырылып, тергеу жүргізілуде. Ең ауыр салдар- қалған өмір бойы мемлекетке қарыз болып, қаражатты өтеу. Заң мен тәртіп баршаға ортақ болуы қажет", - деді ол.

Сонымен қатар министрлік азаматтардың Қазақстаннан қашан заңсыз шыққаны, қашан тіркеуден шыққаны және елде қанша уақыт болмағаны жөнінде мәліметке ие еместігін атап өтті.

С. Жақыпова мәжіліс депутаттарының ведомствоны Оңтүстік Кореямен еңбек келісімін ұзаққа созып отырғаны үшін сынға алғаны туралы да пікір білдірді.

"Бұл жағдайға бірнеше себеп әсер етті. Атап айтқанда, Кореядағы саяси өзгерістер- президент пен еңбек министрінің ауысуы сияқты факторлар процесті баяулатты. Қазір іс жүзінде соңғы кезеңге келдік. Жыл соңына дейін келісім қабылданып, қол қойылады деп үміттенеміз", - деді министр.

Министрлік бұл мәселені соңғы бір жарым жыл бойы қарастырып келеді, деді ол.

"Жыл соңына дейін шешім қабылдаймыз деп уәде бердім. Алайда Оңтүстік Кореяда президент ауысқаннан кейін екі-үш ай бойы жаңа министр тағайындалмағандықтан, іс тоқтап қалды. Қазір жұмысты қайта жандандырдық және жол картасын жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Оның аясында Кореядағы қазақстандықтардың елге оралуын қамтамасыз ету міндеті тұр. Біз Миграция комитетімен бірлесе жұмыс істеп, ұсыныстарымызды корей тарапына жібердік олар қарауда. Егер мақұлданса, келісімге қол қоюға дайынбыз. Барлық процесс жыл соңына дейін аяқталуы тиіс", - деп түсіндірді министр.

Мәжіліс депутаты Нартай Сарсенғалиевтің айтуынша, қазіргі таңда Оңтүстік Кореяда шамамен 16 мың қазақстандық тұрады, олардың 70%-ы заңсыз жұмыс істеуде.

"Бұл дегеніміз – әлеуметтік кепілдіктердің болмауы, еңбек құқықтарының қорғалмауы және қауіпке ұшырау қаупі бар екенін білдіреді. Кореяда жүрген қазақстандықтар заңды бұзбауы, соның ішінде визаның мерзімін сақтау талаптарын орындауы қажет", - деп түйіндеді ол.

Бұған дейін, Еңбек министрлігі Қазақстандағы зейнетақы мен жәрдемақы төлемдеріне өзгерістер енгізуді ұсынған еді. Соның ішінде, тұрақты тіркеуі жоқ және шетелде тұратын азаматтарға төлемдерді шектеу қарастырылып отыр.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Последние новости:
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.