Нұр-Сұлтанда қандай мамандардықтар сұранысқа ие

Негізінен АЭА шеңберінде жұмыс орындары құрылады

20 февраля 2020 года
    

Нұр-Сұлтан әкімдігі LS-ке елордада азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ету мәселесі қалай шешіліп жатқандығы туралы және сұранысқа ие мамандандықтарды туралы айтты.

Ведомствода 2019 жылы елорданың жұмыс берушілері 24,1 мың бос жұмыс орнын электронды еңбек биржасына орналастырғанын атап өтті. 2020 жылғы 17 ақпандағы жағдай бойынша 623 кәсіпорын 5,7 мың бос жұмыс орнын жариялады. Сонымен бірге, 2019 жылы жұмыспен қамту орталығына 19,5 мың адам жүгінді, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен 12,7 мың адам қамтылған.

Әкімдікте Нұр-Сұлтандағы халықтың өсуінің экономикалық өсуге қатынасы 1/1,4 екенін түсіндірді.

"Қала экономикасындағы сәйкессіздікті шешу шараларының бірі арнайы экономикалық аймақтарды (АЭА) дамыту болып табылады. №1 индустриалды паркте құрылыс, автокөлік құралдары, теміржол локомотивтері мен жылжымалы құрам өндірісі, әуе және ғарыштық ұшу аппараттары өндірісі, фармацевтикалық өнімдер мен препараттар өндірісі, қойма шаруашылығы мен қосалқы көлік қызметі салаларында жұмыс орындары құрылуда", - деп атап өтті әкімдікте.

Сондай-ақ, "Астана – жаңа қала" АЭА аясында 76 өнеркәсіптік жоба бар, оның 50-і 155,9 млрд теңгеге жұмыс істейді. Оның ішінде-26 жоба іске асыру сатысында. Онда 4 мың жұмыс орны ашылды. 26 жобаны іске қосу кезінде тағы 2,5 мың бос жұмыс орны құрылады.

Бұдан басқа, "Астана – Технополис" АЭА шеңберінде екі бағыт: ғылым және өндіріс дамитын болады.

№2 индустриялық парк шеңберінде тамақ өнеркәсібі, химия және фармацевтика өнімдері, құрылыс материалдары, пластик пен шыныдан жасалған бұйымдар, металлургия, электр және электрондық жабдықтар, машиналар мен жабдықтар бағыттары бойынша кәсіпорындарды ынталандыру жоспарлануда.

"Барлығы №2 индустриалды парк аумағында 500 млрд теңгеге 150 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр, онда 8 мыңға жуық жұмыс орны ашылады", - деп толықтырды әкімдік.

Сонымен бірге, қолданбалы экономика орталығының (AERC) аға сарапшысы Амина Бауыржанның айтуынша, 2019 жылдың III тоқсанында Нұр-Сұлтандағы жұмыс күшінің өсуі 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,7% құрады. Алайда, келушілердің бәрі бірдей жұмысқа орналаса алмайды. Осылайша, осы кезеңдегі жұмыссыздық 1,8% өсті.

Сарапшы атап өткендей, сұраныс пен ұсыныстар арасындағы айырмашылық ізденушілерге ұсынатын еңбек ақысына әсер етеді.

"Қазақстандық еңбек нарығы негізінен аз жалақы төленетін жұмыс орындарына сұранысты тудырады (физикалық жұмыс – аз жалақы), бірақ ақыл-ой жұмысшыларының тапшылығы бар. Нарықтағы тәрбиешілерге үлкен сұраныс пен білім мен біліктілікке деген жоғары талаптар болғанына қарамастан, олар 3% орташа жалақыдан аз ұсынылады: жыл сайын шамамен 30 мың мұғалім білім беру жүйесіне олар жалақыларының аздығынан жұмысқа бармайды. Алайда инженерлерге, дәрігерлерге және менеджерлерге жоғары жалақы төленеді. Компьютер мен ғаламтор туралы негізгі білімнің болуы жалақыны 1,1% арттырады. Жұмыс берушілер ағылшын тілін білетін үміткерлерді нарықтағы орташа жалақыдан 18,5% және менеджмент дағдылары үшін 15,5% көбірек ұсынуға дайын", - деді ол.

Амина Бауыржан жұмыс іздеушілерге қарағанда бос жұмыс орындары аз болған жағдайда, жұмыс берушілер жалақыны анықтайтын агентке айналатындығын және бұл өз кезегінде нарықтағы жалақы деңгейінің төмендеуіне әкелетінін түсіндірді.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.