Марченко 10 жыл бұрын Қазақстанда цифрлық валютаны енгізу әрекеті туралы

9 ноября 2023 года

Егер заңның тиісті жобасы 10 жыл бұрын қабылданса, Қазақстан цифрлық валюта нарығында көшбасшы бола алар еді. LS-ке бұл пікірді белгілі қаржыгер және Ұлттық банктің бұрынғы төрағасы Григорий Марченко айтты.

Алматыда журналистермен кездесу барысында Григорий Марченко Қазақстанда цифрлық валютаны пайдалану идеясы 2013 жылы ұсынылғанын еске салды. Содан кейін Ұлттық банк орталық банктің электронды ақша шығару схемасын қарастыратын заң жобасын жасады. Алайда, банкирдің айтуынша, үкімет оны ешқашан парламенттің қарауына жібермеген.

"Менің ойымша, егер ол парламентке жетсе, онда ол қабылданатын еді.  Ұлттық банктің өзі оны енгізе алмайды, ал үкімет оған қарсы болды", – деп түсіндірді ол.

LS тілшісінің осы Заң жобасы қабылданған жағдайда Қазақстанның цифрлық валюта нарығында жетекші орынға ие болатыны туралы сұрағына жауап бере отырып, Марченко ҚХР тәжірибесін мысалға келтірді.

"Сол кезде Қытай елі мені тыңдап, цифрлық валютаны енгізді және олар қазір шамамен екі жыл алда. Әрине, олардың экономикасы өте ауқымды, сондықтан бұл пилоттық жоба ұзаққа созылды. Ал егер біз бұл шараларды 2013 жылы бастасақ, онда Қазақстан қазір барлығынан озып кетер еді", – деп атап өтті қаржыгер.

Ұлттық банктің бұрынғы төрағасы цифрлық теңгені енгізу форматы әзірге белгісіз екенін, оның қаржы нарығына әсерін бағалау қиын екенін түсіндірді.

"Дизайн тұрғысынан алғанда, Орталық банк, заңды тұлға және жеке тұлғаның электронды әмияндары бар және барлық ақпарат орталық банк серверлерінде сақталатын модель бар. Сонда коммерциялық банктер жоқ, бұл біздің жаңашылдығымыз болды. Бұған дейін, тек екі нұсқа талқыланды: біріншісі – ақша суррогаттары, ал екіншісі жеке банктер арқылы қарастырылды. Біз мұны талқылай келе неге оны екі деңгейлі етпеске дедік. Біздің ел айтарлықтай үлкен емес, содан кейін коммерциялық банктер ештеңеге қарамайды, сондықтан олар үкіметке бұл заң жобасын ешқайда енгізбеген дұрыс деген идеяны алуға көмектесті", – деді Марченко.

Оның айтуынша, егер цифрлық теңге қолма-қол ақшаның қолма-қол ақшасыз түрі болса, онда жүйеде айтарлықтай өзгерістер болмайды.

"Екінші жағынан, барлық төлемдер жеке банктерден кетсе, бұл олар үшін өте ауыр соққы болады. Бұл пайыздық емес кірістер, біз 2013 жылы осы жобаны енгізген кезде, соның ішінде банкоматтар мен POS-терминалдардың бірыңғай желісін құруды ұсындық. Біз бір жылдан кейін халық үшін комиссиялар екі есеге, ал тағы бір жылдан кейін тағы екі есеге қысқаратынын айттық", – деп нақтылады қаржыгер.

Сондай-ақ, теңгенің 30 жылдығы қарсаңында Марченко 1990 жылдары Қазақстанның қаржы жүйесі қалай құрылғаны туралы естеліктерімен бөлісті. Ол елдің ұлттық валютаның бірнеше рет құнсыздануын қалай бастан өткергеніне тоқталды.

Марченконың айтуынша, сол кездегі ауыр тоқыраудың бірі 1994 жылы ақпанда Сергей Терещенко премьер-министр болған кезде болған.

"Біздің ең сәтсіз макроэкономикалық экспериментіміз 1994 жылдың ақпанында Терещенко үкіметі интерофсеттік деп аталатын әрекетті жүзеге асырған кезде орын алды.  Дәулет Сембаев төраға болып тұрғанда Ұлттық банкті бұған мәжбүрлемек болды, ол үзілді-кесілді бас тартты. Мен ол кезде Джорджтаун университетінде және вице-президенттің көмекшісі лауазымында болдым сондықтан обьективті түрде пайымдай аламын. Ұлттық банкке ешқандай қатысым болмасада олармен бірге ұлттық валютаны енгізгендіктен, барлық жұмыс барысы жайлы хабардар едім. Жалпы, Терещенко мен Қажегелдин үкіметі бұрынғы президентті (Нұрсұлтан Назарбаев) Ұлттық банктің визасынсыз аралық есеп айырысуды жүргізу туралы жарлыққа қол қоюға көндірді. Бұл тарихи шындық", – деді банкир.

Осы шешімнің нәтижесінде теңгенің долларға шаққандағы бағамы үш ай ішінде 11 теңгеден 40 теңгеге дейін немесе 3,5 еседен астам әлсіреді.

"Біле білсеңіз, мен 1994 жылы маусымда оралдым, содан кейін айлық инфляция 46,5% болды. Үкімет пен бұрынғы президент Назарбаев қателік жібергендіктен, бұл туралы айту әрине орынсыз болар. Дәулет Хамитұлыда осы жайлы ешқашан артық сөз қозғамады", – деп қосты ол.

Ұлттық банктің бұрынғы басшысы 1999 және 2009 жылдары девальвация туралы шешім дұрыс деп санайды, өйткені ол Ресейдегі ұлттық валютаның құнсыздануынан кейін жүзеге асырылды.

Ол 2014-2015 жылдардағы теңгенің жиынтығында 2,5 есе әлсіреген оқиғаларға қатысты өзге пікірді ұстанады.

Марченко атап өткендей, ұлттық валютаны қолдауға $23 млрд жұмсалды.

"Шын мәнінде, 2014-2015 жылдары бірқатар макроэкономикалық қателіктер болды. Біріншісі – 2014 жылғы ақпандағы қажетсіз девальвация, екіншісі-өтемді девальвацияны кейінге қалдырылуы және оны 2015 жылғы қаңтарда қажет болған жағдайда жасамады, ал үшіншісі – күзде қарашада Ұлттық банк араласпай теңге бағамының тым алысқа жіберілген кезі. Бір жарым жыл ішінде біз үш үлкен қателік жібердік, оның салдары бірнеше жылға созылды", – деп түйіндеді ол.

Анықтама

Григорий Марченко Ұлттық банкін екі рет – 1999-2004 және 2009-2013 жылдары басқарды. Әр уақытта ол президенттің және вице-президенттің көмекшісі, Ұлттық банк төрағасының орынбасары, сондай-ақ, Deutsche Bank Securities (Kazakhstan) президенті және Халық банкі басқармасының төрағасы болып жұмыс істеді. Қазіргі уақытта Марченко Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасының кеңесшісі болып табылады.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.