Ұмай ипотекасының іске қосылу мерзімі белгілі болды

сегодня

"Ұмай" әйелдер ипотекалық бағдарламасы тамыз айының соңына дейін іске қосылады. Бұл туралы "Отбасы банк" басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді, деп хабарлайды LS.

Банк басшысы бағдарламаның қашан іске қосылатынына қатысты нақты мерзімді атады.

"Ұмай" әйелдер ипотекасы тамыз айының соңына дейін іске қосылады. Бағдарламаға қажетті қаржы Азия даму банкі бөлетін қаражат есебінен тартылады. Қазір бұл қаржының шамамен құны белгілі болды. Ипотекаға өтініш беретін әйелдердің қолданыстағы депозиті болуы және онда қаражаттың қанша уақыт жиналғаны маңызды. Сондықтан банк депозитті алдын ала ашуға кеңес береді.

Қазір бағдарламаны іске қосуға қажетті жұмыстар аяқталған. Шамамен екі аптадан кейін "Ұмай" ипотекасының іске қосылатыны туралы ресми ақпарат жарияланады",- деді ол.

Л. Ибрагимовадан нақты мерзімді атау сұралғанда, ол:

"Бұл нақты тамыз айында болады. Шамамен екі аптадан кейін",- деп жауап берді.

Бұған дейін, "Ұмай" әйелдер ипотекасы жаңа шарттармен қайта іске қосылатыны хабарланған еді.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.