Қаржылық мониторингі агенттігі (ҚМА) пирамида белгілері бар компаниялардың тізімін жариялады, деп хабарлайды LS.
Қазақстандықтар ұйымдардың тізбесімен қаржылық мониторингі агенттігі сайтында таныса алады.
"Енді өз қаражатын инвестициялағысы келетін әрбір азамат компанияның сенімділігін Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тізілімінде ғана емес, осы тізімде де тексере алады", - деп хабарлады ведомстводан.
Осы жылдың басынан бастап агенттік 22 қаржы пирамидасын анықтады. Сондай-ақ, "Кибербақылау" жүйесінде 4000-ға мыңға жуық сайттар пен аккаунттар бұғатталған.
"Алдын алу жұмыстары аясында әлеуметтік желілердегі пайдаланушыларға ескерту хабарламалар жолдау нәтижесінде бүгінгі таңда 52 мың желі пайдаланушысы қаржылық пирамида белгілері бар контенттен бас тартты", - деп толықтырды қаржылық мониторингі агенттігінде.
Сондай-ақ, компанияларды қаржы пирамидасы ретінде қызмет белгілерінің бар-жоғын тексеретін қаржылық мониторингі агенттігі Telegram-ботына 3 511 өтініш тіркелді.
Қаржылық мониторингі агенттігі сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқан пирамидалар жобаларының тізімін жариялады
QUASAR
Chia Tai Tiahging
Chia Tai Tianqinq Pharmaceutical Group
Q-net
Incruises
QazHome
"Life is good" LTD, ПК "Best way" холдинг компаниясы құрамына кіретін "Hermes management LTD"
Sincere Systems
ЖК-ОTAU KZ
LUXERY
World Business Consulting
GAP
ТОО "Upgrade-AS"
ПК "UBW.kz"
"Antares Trade", "Antares Limited"
Sincere Systems
Innova Gold
ТОО "IG Group KZ"
Тhe Great Tower
B2B Jewerty
ТОО "Семейный Капитал"
Robotice
BestRoadInvestment
TheFiniko
ТОО "Финстатус" и ТОО "ПрофитГруп"
ТОО "AYBA-Жанўя"
Тергеу аяқталған пирамидалар компаниялар (сотта қаралуда)
World Business Consulting
ПК "UBW.kz"
Antares Limited, "Антарес Трейд"
Sincere Systems
Innova Gold
ЖК-OTAU KZ