Қазақстанның мұнай мен көмірі қаншаға жетеді

сегодня

Қазақстанда көмір шамамен 300 жылға, ал мұнай – 40 жылға жеткілікті. Елдегі негізгі шикізат қоры туралы LS-ке Энергетика министрлігінде мәлімет берді.

Мұнай

Министрліктің мәліметінше, дәлелденген мұнай қоры 4,4 млрд тоннаға жетеді. Қазіргі тұтыну деңгейінде сала үздіксіз жұмыс істеп, алдағы 40 жылға жеткілікті.

Сонымен қатар, мұнай өңдеу саласының ұзақ мерзімді жоспары 2040 жылға дейін белгіленген. Үш зауытты кеңейту арқылы өндіріс жылына 18 млн-тен 39 млн тоннаға дейін өседі.

Жаңа зауыт салу үшін жылына 10 млн тоннаға дейін қуаттылыққа ие әлеуетті инвесторлар тартылмақ.

Газ

Дәлелденген газ қоры 3,8 трлн куб. м жетеді, ал жаңа кен орындарын анықтау жұмыстары жалғасуда.

Соның ішінде QazaqGaz геологиялық барлаудың кешенді бағдарламасын жүзеге асырып отыр. Іздеу жұмыстары 14 учаскеде жүргізіліп, олардың алдын ала бағаланған қоры шамамен 515 млрд куб. м газды құрайды.

Орта мерзімді жоспар бойынша геологиялық барлау жұмыстары 30 учаскеге дейін кеңейтіледі. Жаңа учаскелерде шамамен 1,7 трлн куб. м газ бар деп есептелуде, бұл өндірісті көбейтуге және елдегі газ қажеттілігін тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Көмір

Энергетикалық көмірдің дәлелденген қоры 33,6 млрд тоннаға жетеді, бұл Қазақстанды шамамен 300 жыл бойы отынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

"Аталған шикізат қазіргі таңда еліміздің энергетикалық қауіпсіздігінің негізі болып саналады және басқа көмірсутектер бағасының ауытқуына байланысты тәуекелдерді тиімді азайтады",– деді энергетика министрлігінде.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің LS-ке берген мәліметіне сәйкес, 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елдегі мұнай қоры шамамен 55 жылға, ал уран қоры – 53 жылға жеткілікті. Бұл есеп 2024 жылғы өндіріс көлемін негізге ала отырып жасалған.

Сонымен қатар, Қазақстан көмір энергетикасын дамытуға 8 трлн теңге жұмсауды жоспарлап отыр. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарушы директоры Жақып Хайрушев LS-ке бұл шаралардың тиімділігін бағалады.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.