Ұлттық қордағы салық түсімдері екі есеге қысқарды

13 мая 2025 года

Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) LS-ке Ұлттық қорға неге аз қаражат түсіп жатқанын түсіндірді.

МКК деректеріне сүйенсек, 2025 жылдың бірінші тоқсанында Ұлттық қорға 621,9 млрд теңге салық түсімі түскен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (шамамен 1,2 трлн теңге) 546,5 млрд теңгеге кем.

"Түсімдердің төмендеуінің негізгі себебі – шикі мұнайдың әлемдік бағасының бір баррельге шаққанда $8,3-ке төмендеуі (2025 жылдың І тоқсаны – $74,9, 2024 жылдың І тоқсаны – $83,2)", – делінген ресми жауапта.

Ұлттық қордың кірістері негізінен мұнай-газ саласындағы компаниялар төлейтін салықтар есебінен қалыптасады. Бұл компаниялардың тізімін жыл сайын энергетика және қаржы министрліктері бекітеді. Комитет мамандарының айтуынша, түсім көлеміне сыртқы факторлар – мұнайдың әлемдік бағасы мен тасымалдау шарттары, сондай-ақ, ішкі факторлар – өндіріс көлемі, ел ішіндегі шикізат тапшылығы, кен орындарының рентабельділігі мен геологиялық ерекшеліктеріне байланысты берілетін салықтық жеңілдіктер әсер етеді.

Бұған дейін, LS редакциясы Ұлттық қордағы қаражат 33 трлн теңгеден асқанын жазған болатын. Қордан бөлінген трансферттердің жалпы көлемі 2,01 трлн теңгені құрады. Оның ішінде кепілдендірілген трансферттер – 1,6 трлн теңге, нысаналы трансферттер – 400 млрд теңге.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Последние новости:
Строят без разрешений и документов: сотни нарушений выявлены по стране
сегодня
Тенге сквозь кризисы: от первых шагов к свободно плавающему курсу. Видеоинфографика
сегодня
Fitch подтвердило рейтинг «BBB» Казахстанского фонда устойчивости
сегодня
Электронная прописка в Астане: система будет проверять родство и данные о недвижимости
сегодня
Жаңа жылдан бастап зейнетақы аударымдарына өзгерістер енгізіледі
сегодня
Купил сегодня – заплатишь завтра: рынок рассрочки хотят взять под контроль
сегодня
Генпрокурор рассказал, как мошенники оформляют на казахстанцев кредиты без биометрии
сегодня
Недобросовестных недропользователей предлагают лишать права на добычу до пяти лет
сегодня
Тарифы на паузе: МНЭ рассказало, когда начнется повышение
сегодня
С 2026 года в Казахстане изменятся правила пенсионных отчислений
сегодня
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.