Қазақстандықтар Моңғолия мен Грузияға қарағанда коммуналдық қызметке аз төлейді

сегодня

Қазақстандықтар интернетке көршілес елдерге қарағанда көбірек қаражат жұмсайды, деп хабарлайды LS.

Numbeo деректеріне сәйкес, Қазақстанда 80 ш.м. тұрғын үйдің негізгі коммуналдық қызметтеріне (электр энергиясы, жылу, су және қоқыс шығару) ай сайын орта есеппен 28,6 мың теңге жұмсалады.

Бұл Қырғызстанмен (15,9 мың теңге), Өзбекстанмен (20,2 мың теңге), Қытаймен (25,9 мың теңге) және Беларуспен (26,7 мың теңге) салыстырғанда жоғары көрсеткіш.

Түркия тұрғындары сәл көбірек – 30,4 мың теңге төлейді, ал Моңғолияда бұл көрсеткіш 33,5 мың теңге, Грузияда – 33,6 мың теңге.

Украинада коммуналдық қызметтер одан да қымбат – айына 45 мың теңге, Ресейде – 50 мың теңге, Арменияда – 62 мың теңге.

Ал Оңтүстік Корея тұрғындары коммуналдық қызметтерге 80,6 мың теңге жұмсаса, АҚШ-та – 104,8 мың теңге, Ұлыбританияда – 153,2 мың теңге төленеді.

Байланыс қызметтерін салыстырғанда, аталған елдердің ішінде ең қолжетімді тарифтік жоспар (10 Кб+ және қоңыраулар) Өзбекстанда – 1,8 мың теңге.

Одан кейін Украина – 2,6 мың теңге, Ресей – 2,7 мың теңге, Қырғызстан – 3,3 мың теңге, Моңғолия – 3,6 мың теңге, Беларусь – 3,8 мың теңге және Қазақстан – 4,3 мың теңге көрсеткіштерімен орналасқан.

Ең қымбат байланыс Оңтүстік Кореяда (19,3 мың теңге) және АҚШ-та (28,7 мың теңге) тіркелген.

Ең қызығы, Қазақстанда интернет бағасы Ресей мен Украинаға қарағанда екі еседен астам қымбат. Ел ішінде шексіз деректерді (60 Мбит/с+) ADSL және кабель арқылы пайдалану айына орта есеппен 6,6 мың теңгеге шығады. Көршілес Ресейде бұл көрсеткіш – 3,3 мың теңге, ал Украинада – 3 мың теңге.

Қытайда осындай қызметтер топтамасы 5,8 мың теңге тұрады, Қырғызстанда – 5,9 мың теңге, Өзбекстанда – 5,9 мың теңге, Түркияда – 6,2 мың теңге, Грузияда – 8,3 мың теңге, ал Арменияда – 9,9 мың теңге.

Ең жоғары бағалар – Ұлыбританияда (19,8 мың теңге) және АҚШ-та (35,9 мың теңге).

Сонымен қатар, Қазақстандағы орташа айлық жалақы (салықтардан кейін) 288,4 мың теңгені құрайды. Қырғызстан тұрғындары айына орта есеппен 192,7 мың теңге табыс табады, Өзбекстанда – 235,8 мың теңге, Ресейде – 317,2 мың теңге, Түркияда – 355,6 мың теңге, Қытайда – 484,6 мың теңге.

Ай сайынғы табыс көлемі бойынша Оңтүстік Корея – 1,1 млн теңге, Ұлыбритания – 1,5 млн теңге және АҚШ – 2,2 млн теңге көш бастап тұр.

Айта кетейік, Numbeo талдауды 12 ай бойы жүргізген (соңғы деректер осы жылдың қаңтар және ақпан айларында енгізілген).

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.