Freedom Finance Bank «7-20-25» бағдарламасы бойынша несие береді

Барлық процесс онлайн-режимде өтеді

24 февраля 2022 года

Freedom Finance Bank "7-20-25" тұрғын үй бағдарламасының қатысушысы болды, деп хабарлайды LS.

Тиісті келісімге қаржы институты мен қазақстандық тұрақтылық қоры (ҚТҚ) қол қойды.

"Freedom Finance Bank өзінің цифрлық ипотекасы негізінде "7-20-25" жобасын жүзеге асыруда. Осылайша, қарыз алушылар құрылыс салушыдан қаржы институтына бірден өтінім беруге және ипотеканы онлайн-режимде ресімдеудің барлық кезеңдерінен өтуге мүмкіндік алды", - деп хабарлады ҚТҚ.

Айта кетейік, бағдарлама шарттары бойынша несие 7% жылдық мөлшерлемемен 25 жылға дейін беріледі. Бастапқы жарна сатып алынатын тұрғын үй құнының 20%.

Несиелеу объектісі – бастапқы жылжымайтын мүлік. Тұрғын үйдің ең жоғарғы құны – Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау, Шымкент қалалары үшін 25 млн теңге, Қарағанды үшін 20 млн теңге, қалған өңірлер үшін 15 млн теңге.

Қаржыландыру көлемі 1 трлн теңгені құрайды. 2022 жылғы 24 ақпандағы жағдай бойынша 471 млрд теңгеге 38 мыңнан астам несие берілді.

Осылайша, "7-20-25"-ке тоғыз банк қатысады: ЦКБ, Сбер, Халық, Еуразиялық, RBK, Jusan Bank, ForteBank, Altyn Bank және Freedom Finance Bank.

Бұған дейін, LS Қазақстанда ипотека 10 жыл ішінде 2,5 трлн теңгеден астам өскендігі туралы инфографика дайындаған болатын.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.