Доллар 500 теңгеге жетеді деуге ертерек - экономист

Американдық валюта өсімінің шыңы 420 теңге деңгейінде болуы мүмкін

25 января 2016 года

Brent маркалы мұнай бағасының барреліне 25 $-ға дейін құлдырауында теңгенің долларға айырбас бағамы 380-420 теңгеге жетеді.  LS сұрастырған нарыққа қатысушылар осындай  болжам айтты.

 "Финим" инвестициялық холдингінің талдаушысы Богдан Зварич 1$ үшін 500 теңге бағамы туралы айтуға ерте деп жорамалдайды.

"Американдық валюта өсімінің шыңы, біздің көзқарасымызша  420 теңге деңгейінде болады. Мұндай төмендеуге мұнай бағасының ары қарайғы жағымсыз қозғалысы, Brent баррелі 25$ деңгейге жетіп, рублдің құнсыздануы (1$/78,6 рубль, Астана уақыты бойынша 11.00)  түрткі болуы мүмкін. Мұндай жағдайда теңгеге қысым сақталады және оның әлсіреуі жалғасады. Жалпы 1$ үшін 500 теңге бағамы туралы айтуға ертерек",  – деп нақтылады ол. 

Осы уақытта "Асыл-Инвест" талдаушылар департаментінің директоры Айвар Байкенов 3 ай ішінде мұнай 28$ деңгейіне  дейін әлі де төмен түсуге әлеуетті екенін жоққа шығармады (Brent 28,24$, Астана уақыты бойынша 11:00).

"Әбден мүмкін, бұл жағдай қара алтын үшін  күннің қорытындысы болуы. Мұнда сценарийде  ресейлік рубль 1$ үшін 77-80-ге дейін әлсірейді. Мұндай жағдайда теңге 1$ үшін 370 теңгелік шектен өтуі мүмкін. 1$ үшін 380 тенгеден жоғары қозғалысты біз күтпейміз, бұл үшін мұнай бағасы барынша қатты құлдырауы қажет", – деп болжайды талдаушы.

IFC Markets талдаушысы  Дмитрий Лукашов те теңгенің қатты әлсіреуі әзірге екіталай деп санайды.

"Соңғы айларда Қазақстанның ұлттық валютасы мұнайдың әлемдік бағасымен айтарлықтай арақатынас орнатты, ары қарай түсуі екіталай. Мұнай нарығы өзін өзі реттейді деуге болады. Қазақстан экономикасы өткен жылы 1-1,5% өсті және мұндай жағымды ағым биылғы жылы да жалғасады. Теңгенің құбылуы, менің болжамым бойынша 1$ үшін 300-400 теңге дәлізінде болады",  – дейді Лукашов.

Оның жормалы бойынша, мұнайдың әлемдік бағасы жақын уақытта баррель үшін 15-20 $-ға дейін төмендейді.

"Теңгенің ары қарай әлсіреуі тек Қазақстан экономикасы құлдыраған кезде болуы мүмкін. Әзірге бұл байқалмайды. Керісінше, 2015 жылдың 9 айында Қазақстанның ЖІӨ 1,2% өсті",  – деп  атап өтті ол.

Макроэкономикалық зерттеулер орталығының директоры  Олжас Худайбергенов ресейлік экономиканы болжау агенттігінің (АПЭКОН) зерттеуіне түсіндірме жасады. Естеріңізде болса, агенттік мәліметтері бойынша 2016 жылы доллар теңгеге қарағанда 502 теңгеге нығаяды.  

"Бұл болжамның талдамалық құндылығы жоқ. Әдетте, талдау агенттіктері нақты валютаға болжам жасайды.  Бірақ жай жорамал жасауға тырысады. Мәселен, жыл соңында айырбас бағамы белгілі бір деңгейге жетеді. Бірақ мұндай мысалдар, АПЭКОН бергендей нақты жіктелгенін: минимум, максимум, жабық және басқалай, мен бұрын кездестірмедім. Білмеймін, бұл ұйымның мақсаты қандай болғанын. Сондай-ақ атап өтем, олардың қаңтар айындағы бағамға болжамы орындалған жоқ. Мұндай көздер билікке сенім болмаған кезде пайда болып күшіне енеді",  – дегенді айтты Худайбергенов.

Сұхбаттасушы жалпы ағымдағы жылғы теңгенің айырбас бағамы қозғалысына нақты болжамын айтпауды жөн көрді. Бірақ мұнай бағасын бақылауға кеңес берді.

"Қазіргі жағдайда қара алтын бағасын көңіл-күй бағалайды. Тікелей де, рубль арқылы да. Егер мұнай арзандаса, оның артынша рубль құлдырайды. Дәл осы екі жәйт теңгені қызыл аймаққа қозғалуға мәжбүрлейді",  – дейді ол. 

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.