Даулы зауыт: тұрғындардың шағымына қандай жауап бар

сегодня

Алматы тұрғындары қағаз зауытынан келетін жағымсыз иіс пен шуға қарсы шағымдануды жалғастырып келеді. LS тілшісі бұл мәселені қалай шешіп жатқандарын анықтады.

Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы хабарлағандай, тұрғындардың KZ Recycling зауытына қатысты наразылығы негізінен иіс, шу және экологиялық қауіптерге байланысты. 

Дегенмен өндіріс нысаны қала аумағында тіркелмеген, сондықтан оны тексеру құзыреті жергілікті органдарға берілмеген.

Соған қарамастан, кәсіпорын индустриалды аймақта картон өндіретін кешен құрылысына рұқсат алған. Өткен жылы Экология министрлігінің мәліметінше, жобаға 37,1 млрд теңге көлемінде жеңілдікті қаржыландыру бөлінген.

Алматы облысы экология департаментінің LS-ке хабарлауынша, "Асыл Арман" тұрғын үй массивінің тұрғындарынан 53 өтініш түскен. Сонымен қатар "Алма Сити" тұрғын үй кешені мен Абай ауылының тұрғындары да шағым жолдаған. Бұдан бөлек, мәселе бойынша Қарасай ауданы мәслихатының депутаты пікір білдірді.

Нәтижесінде, KZ Recycling зауытына қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, жағымсыз иіс пен зиянды заттардың бөлінуі анықталды. Мәселенің негізгі себебі – кәсіпорынның өндірістік қызметі барысында түзілетін ағын суларды қабылдайтын фильтрациялық алаңдар екені белгілі болды.

Алынған су сынамалары бойынша жүргізілген зертханалық талдау нормативтік көрсеткіштердің асқанын көрсетті. Осыған байланысты зауытқа 49 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

Сонымен қатар, өндірістік бақылау барысында экологиялық рұқсат талаптарының бұзылғаны анықталды. Осыған байланысты кәсіпорынға қосымша 50,9 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Бұдан бөлек, заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

Қазіргі уақытта зауыт кәріз жүйесін орталық желіге қосу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Бұған дейін, LS редакциясы Алматыда алты жаңа өнеркәсіптік жобаны іске асыру жоспарланып отырғанын хабарлаған еді.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.