CNPC «Маңғыстаумұнайгаз» тағдырын талқылауда

сегодня

Қытайдың ұлттық мұнай-газ корпорациясы (CNPC) "Маңғыстаумұнайгаз" компаниясына жер қойнауын пайдалану бойынша келісімшартты ұзарту жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр. Энергетика министрлігі LS-ке бұл жөнінде толығырақ ақпарат берді.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, келісімшарт тараптарының қатысуымен келіссөздер жалғасуда. Қазіргі таңда келісімшартты ұзарту бойынша негізгі шарттар қарастырылып жатыр.

CNPC өкілдері жақын арада Қазақстанға келіп, өзекті мәселелерді талқылауды жалғастырмақ. Сондай-ақ түпкілікті инвестициялық шешім қабылдау жайы да күн тәртібінде.

Оң шешім қабылданған жағдайда, көмірсутек өндіруге арналған келісімшарт жаңа форматта қайта жасалады. Ол осы салаға арналған типтік шарт талаптарына сай әзірленеді.

Бұған дейін, LS редакциясы Қазақстан алдағы бес жылда мұнай өндіру көлемінің ең жоғары деңгейіне жетуі мүмкін деген болжамын жариялаған болатын.

Анықтама

"Маңғыстаумұнайгаз" – "ҚазМұнайГаз" (50%) бен CNPC (50%) компанияларының бірлескен кәсіпорны.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.