Бензин өндірушілер үшін акциздердің артуы отынның қымбаттауына әкеп соқпайды. Бұл болжамды LS-ке ұлттық экономика министрлігінде айтты.
Министрлiкте қазіргі уақытта аталған мәселенің механизмі пысықталып жатқанын хабарлады.
"Бұл ретте акциздердің артуы жанар-жағармай бағасының (ЖЖМ) өсуіне әкелмейді деп ойлаймыз, өйткені энергетика министрінің м.а. 2022 жылғы 6 қаңтардағы №2 бұйрығына сәйкес ЖЖМ бөлшек саудада өткізуге шекті бағалар белгіленді", - деп түсіндірді ұлттық экономика министрлігінде.
Сондай-ақ, министрлікте тау-кен секторынан бюджетке қосымша түсімдер тетігі бойынша жұмыс атқарылып жатқанын еске салды.
Естеріңізге сала кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытаймен шекарада тәртіп орнату, бензин өндірушілер үшін акциз енгізу және тау-кен саласынан қосымша түсімдер алу арқылы қазынаның табысын арттыруды тапсырған болатын.