Теңізшевройлдың барлық газы Қазақстан қажеттіліктеріне бағытталады

21 февраля 2023 года

"Теңізшевройл" (ТШО) өндірілетін барлық газды Қазақстанның ішкі нарығына жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы LS-ке компанияның бас директоры Кевин Лайон хабарлады.

Журналистермен кездесу барысында Лайон 2022 жылы шикізаттың осы түрін ішкі нарыққа жеткізу үлесі 87% құрағанын түсіндірді.

"Қазақстанда сұраныстың өсуін ескере отырып, біз өндірілетін газдың барлық 100%-ын елде қалдыруды жоспарлап отырмыз", - деп түсіндірді ол.

Бас директор сонымен қатар "Баку – Тбилиси – Джейхан" құбыры арқылы мұнай жөнелтіле бастады ма деген сұраққа жауап берді. Бұған дейін 1,5 млн тонна көлемінде тасымалданатыны мәлімделген болатын.

"Өкінішке орай, Түркиядағы жойқын зiлзала Джейханның инфрақұрылымына әсер етті. Нәтижесінде тестілік жүктеулерді іске қосу мүмкіндігі әлі жоқ" - деп түсіндірді Лайон.

Бұдан басқа, спикер күкіртті қоса алғанда, мұнай-газ өнімдерін экспорттау бойынша маршруттарды әртараптандырудың маңыздылығын мойындады.

Ол Қазақстанмен осы бағытта, оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағытын пайдалану бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

2023 жылы өндірілген мұнайдың үлкен үлесі Каспий құбыр консорциумы (КҚК) желісі бойынша жөнелтілетін болады. Лайон 2022 жылы КҚК жөндеу жұмыстары Теңіз кен орнынан мұнай жөнелту көлеміне әсер етпегенін атап өтті.

ТШО-ның "Болашақ кеңейту жобасы" –"Сағалық қысымды басқару жобасы" туралы айта отырып, Лайон оның 97%-ға аяқталғанын хабарлады. Қазіргі уақытта пайдалануға беру және іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Бас директордың алғашқы сөзіне сәйкес, іске асыруға қаржыландырудың жалпы көлемі $45,2 млрд құрайды.

Компанияның операциялық деректеріне сәйкес, 2022 жылы шикі мұнай өндіру көлемі 29,2 млн тоннаны құрады. Сол кезеңде 1,19 млн тоннадан астам сұйытылған газ, 9,7 млрд текше метрден астам құрғақ газ, сондай-ақ шамамен 2,4 млн тонна күкірт сатылды. Қазақстанға тікелей төлемдер $14,5 млрд-қа жетті. 

Бұған дейін, LS редакциясы Қазақстанда екі кен орнынан газ алу көзделетінін хабарлаған болатын.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.