Банк қызметкерлерінің жосықсыз әрекеттерінен миллиардтаған теңгеге зиян келтірілуде

Соның ішінде халық зардап шекті

5 сентября 2022 года

Жыл басынан бері жосықсыз банк қызметкерлері 24 млрд теңгеден астам шығын келтірген. Бұл туралы LS-ке Бас прокуратурада хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, 2022 жылдың 1 қаңтарынан 18 тамызына дейін банк жүйесінің 16 қызметкері қылмыстық жауапкершілікке тартылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда төрт есеге көп (төрт қызметкер).

Негізінен банк қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне алаяқтық (ҚК 190-бабы), қызмет бабын пайдалана отырып сеніп тапсырылған мүлікті ұрлау (ҚК 189-бабы) және банктердегі өкілеттіктерді теріс пайдалану (ҚК 250-бабы) жатады.

Ағымдағы жылы анықталған залалдың жалпы көлемі 24,2 млрд теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 983,6 млн теңгені құраған кезеңмен салыстырғанда 24,6 есе артық.

Жалпы көлемнен банктердің өздеріне 24,1 млрд теңгеге (өткен жылдың осындай кезеңінде 966,5 млн теңге) залал келтірілді. Мемлекет 89,9 млн теңгеге, ал жеке тұлғалар 2,3 млн теңгеге (өткен жылдың осындай кезеңінде 17,1 млн теңге) зардап шекті.

Негізінен ұрлық Алматы, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Павлодар облыстарында жасалған.

Ұрлаудың ең жиі қолданылатын әдістері: аффилиирленген компанияларға, жалған тұлғаларға несие беру, банк үшін тиімсіз шарттар бойынша несие беру (оның ішінде банктік құжаттарды қолдан жасау арқылы), клиенттердің шоттарынан жалған кассалық ордерлермен ақша алу әрекеттері.

Бұған дейін, LS редакциясы банк қызметкерлері өз клиенттерінен қаражат ұрлаған жағдайлар туралы хабарлаған болатын. Оның ішінде елордалық банктің 19 жастағы қызметкері клиенттерге заңсыз несие берген.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.