БАӘ мен Ресейден келген инвесторлар қазақстандық жобаға $100 млн салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды LS Kazakh Invest-ке сілтеме жасап.
Ақпаратқа сәйкес, SSD Group эмираттық компаниясы мен "ДИНАТРОН" ресейлік компаниялар тобы Шығыс Қазақстан облысындағы Ертіс химия-металлургия зауытын және сирек кездесетін металдар өндірісін жаңғыртуды жоспарлап отыр.
Жоба шеңберінде табақша илектеу және құбыр илектеу өндірісін де салу жоспарда бар.
"2024 жылға дейін металлургия зауытына салынатын инвестиция көлемі $100 млн-нан асады. Негізгі жобадан басқа, шетелдік кәсіпкерлер аталған кәсіпорын үшін энергетикалық жобаларға каржы салуды жоспарлап отыр", – делінген хабарламада.