Қазақстанның зейнетақы нарығында қандай өзгерістер болмақ

22 февраля 2023 года

Ұлттық банк қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары қайда инвестицияланатыны туралы LS-ке деректер ұсынды.

Ұлттық банктің деректеріне сәйкес, 2023 жылы валюта портфелінің құрылымын нысаналы аллокацияға келтіру, оның ішінде шетелдік басқарушы компанияларды тарту есебінен кезең-кезеңмен жұмыс жүзеге асырылатын болады.

Биыл KASE-те шамамен $2 млрд-ға шетел валютасын сатып алу жоспарлануда. Осылайша, бас банк валюталық позицияны 30% деңгейінде қолдануды қолға алмақ.

Сонымен қатар, зейнетақы жинақтарының валюталық бөлігін басқаруда активтердің негізгі шетелдік сыныптарына: жаһандық акцияларға, дамыған және дамушы елдердің облигацияларына және инвестициялық деңгейдегі корпоративтік облигацияларға индекстік инвестициялау жүргізіледі.

Жалпы, осы портфельді бөлу реті:

- дамыған елдердің облигациялары-валюталық портфель активтері көлемінің 30%;

- дамушы нарық облигациялары – 25%;

корпоративтік облигациялар – 20%;

- акциялар – 25%.

Жинақтаушы зейнетақы қорының ақпараты бойынша, 2023 жылдың 1 ақпанына қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі 14,8 трлн теңгеге жетті. Зейнетақы қоры активтерінің кірістілігі 0,44%, ал соңғы 12 айда 6,93%-ды құрады. Мұндай төмен көрсеткіштер геосаяси жағдайдың шиеленісуімен, жаһандық қаржы нарықтарындағы тұрақсыздық, инфляцияның жеделдеуімен, сондай-ақ, дамыған және дамушы елдердің облигациялары бойынша кірістіліктің өсуімен байланысты.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.