Қазақстанның сыртқы қарызы өскен экономиканың топ-3 секторы

Міндеттемелердің ең аз көлемі сумен жабдықтау саласына тиесілі

11 марта 2021 года

Қазақстанның сыртқы қарызы шамамен $161 млрд құрады. LS редакциясы қарыздардың басым көпшілігі қай салаларға тиесілі екенін анықтауға тырысты.

Ұлттық банктің деректері бойынша 2020 жылғы I қазандағы жағдай бойынша сыртқы борыш $160,9 млрд жетті, салалар бойынша ең көп берешек тау-кен өндіру өнеркәсібіне және карьерлерді игеруге тиесілі – $88,1 млрд, бұл ретте бір жыл ішінде міндеттемелер 5,7%-ға өскен. Бұдан әрі кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет секторы. Оның қарызы 14,5%-ға қысқарып, шамамен $4 млрд құрады. Келесі орында мемлекеттік басқару және қорғаныс саласы – $12,4 млрд (-3,1%).

Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсібінің қарызы $11,5 млрд-қа жетті, бір жыл ішінде ол 5,5%-ға өскен. Көтерме және бөлшек сауданың берешегі $8,8 млрд (+1,1%), ал көлік және қоймалау секторының берешегі – $8,5 млрд (-17,4%).

Сонымен қатар, қаржы және сақтандыру қызметтерінің міндеттемелері бір жыл ішінде $500 млн-ға, $7,5 млрд-қа дейін ұлғайса, ал құрылыс – $200 млн-ға, $3,3 млрд-қа дейін қысқарды.

Ең аз қарыз денсаулық сақтау, ойын-сауық және әлеуметтік қызметтер салаларында – $240,7 млн және сумен жабдықтау – $142,6 млн.

Бұған дейін LS Қазақстанның қай елдерге ең көп қарыздар екені туралы жазған болатын.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.