Түркістан облысында азық-түлік өнеркәсібі саласындағы жобаны іске асыруға кірісті, деп хабарлайды LS өңірлік әкімдікке сілтеме жасап.
Шардара ауданында жеміс-көкөніс комбинаты мен тәулігіне 2,5 мың тонна қызанақ өндіретін зауыт салу жұмыстары басталды. Сондай-ақ, жоба аясында қуаттылығы сағатына 10 мың тонна шикізатты сублимациялық кептіру жолға қойылады.
Ақпаратқа сәйкес, бұл өндірістік кешеннің іске қосылуы 25,5 млрд теңгеге бағаланды.
Нысанның құрылысы 2027 жылы аяқталып, кәсіпорында 300 адамға жұмыс орны пайда болады.
Естеріңізге сала кетейік, биыл өңірде жалпы құны 36,8 млрд теңге болатын 18 жоба іске қосылмақ. Нәтижесінде 800-ден астам жұмыс орны ашылады деп күтілуде.