Қазақстанның оңтүстігінде екі кәсіпорын іске қосылды

400-ден астам адам жұмыспен қамтылады

6 декабря 2019 года

Қазақстанда 10,3 млрд теңгені құрайтын шетелдік инвестициясы бар екі жоба іске қосылды, деп хабарлайды LS.

Ақпаратқа сәйкес, Шымкентте "Alliance Сауда-өнеркәсіп компаниясы" иіру фабрикасы ашылды. Жоба Қазақстанның инвестициялық қорымен және Alliance Textile жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының Өзбек қауымдастығымен бірлесіп іске асырылды.

"Кәсіпорында бірінші кезеңде 120 жаңа жұмыс орны ашылды,мақта талшығын өңдеу көлемі жылына 6 мың тоннаны құрайды. Өзбек тарапының жобаға инвестициясы 4,6 млрд теңгені құрады", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Шымкенттің тоқыма кластерін қалпына келтіру бойынша жол картасы аясында екі фабриканы іске қосу жоспарланып отыр. Олардың есебінен Қазақстанда қайта өңделетін мақта көлемінің екі есеге өсуін қамтамасыз ету және 800 жаңа жұмыс орнын ашу күтілуде.

Екінші жобаға келер болсақ, Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Майлыошақ ауылында азық-түлік өнімдерін шығаратын зауыт іске қосылды.

Аталмыш жоба инвесторы CG Foods Central Asia компаниясы. Зауыттың қуаттылығы жылына 4,5 мың тоннадан астам өнімді құрайды. Дайын өнімді тек ішкі нарықпен қатар сыртқы нарықтарға да жеткізу жоспарда бар. Сондай-ақ, 300-ге жуық адам жаңа жұмыс орнымен қамтылады деп күтілуде.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.