Қаржы министрлігі мемлекеттік қарызды қалай төмендетуді жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды LS.
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, мемлекеттік қарыз республикалық бюджет тапшылығын жабу және маңызды әлеуметтік жобаларды қаржыландыру үшін қарыз алу қажеттілігіне байланысты өсуде.
"Өткен жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қарыз деңгейі жалпы iшкi өнiмнің 27,4%-ын құрады және бүгінде қауіпсіз деңгейде", - деді ол.
Алайда министр бұл жағдайды жақсарту мақсатында арнайы шаралар қабылданатынын жеткізді.
"Бюджет тапшылығы кезең-кезеңімен төмендейді, бұл қарыздың өсу қарқынын төмендетуге ықпал етеді. Әкімшілендіруді жақсарту және цифрландыру арқылы салық түсімдерінің біртіндеп артуы күтілуде. Қарыз алу кезінде ішкі нарықтың өтімділігі барынша пайдаланылатын болады", - деп атап өтті қаржы министрлігінің басшысы.
Сонымен қатар, ол сыртқы қарыз қаражатын уақытылы игермегені үшін заңнамада мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының жауапкершілігін белгілеу нормасы пайда болғанын еске салды.
"Тұтастай алғанда, Үкімет жүйелі негізде мемлекеттік және кепілдік берілген мемлекеттік борышты, сондай-ақ, квазимемлекеттік сектордың борышын қалыптастыру мен басқаруға бақылауды күшейтетін болады", - деп түйіндеді Жамаубаев.
Бұған дейін, есеп комитеті Қазақстанның қарыздары Ұлттық қордың жинақтарынан асып түсетінін мәлімдеген болатын. Бұл 25 млрд теңге қарыздардың игерілмегендігіне қарамастан.
Айта кетейік, ЕАЭО елдерінің iшiнде Қазақстан мен Ресейдің мемлекеттік борышы ұлғайған.