Қазақстанның Ауғанстанға экспорты артты: бензин мен қантқа сұраныс өскен

сегодня

Қазақстан Ауғанстанға экспорт көлемін едәуір ұлғайтты, деп хабарлайды LS.

2026 жылдың қаңтар-маусым айларында Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы тауар айналымы 2,5 есеге өсіп, $508,2 млн-ға жетті. Сауданың басым бөлігі Қазақстанның экспорты есебінен қалыптасты.

Қазақстаннан Ауғанстанға 1,6 млн тонна тауар жөнелтілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 2,2 есе жоғары. Экспорт көлемі ақшалай мәнде 2,6 есеге өсіп, $501,5 млн-ға жетті.

Қазақстаннан Ауғанстанға бидай экспорты 3,7 есеге өсіп, 511,4 мың тоннаға жетті. Бұршақ, ноқат және жасымық жеткізілімі 4,2 есеге артып, 54,9 мың тоннаны құрады. Қант экспорты 4,8 есеге өсіп, 4,8 мың тоннаға, ал жүгері 48 есеге артып, 35,4 мың тоннаға жетті.

Күнбағыс, мақсары және мақта майларының экспорты 2,8 есеге өсіп, 49,5 мың тоннаға жетті. Ал ұн жеткізілімі 1,5 есеге артып, 687,3 мың тоннаны құрады.

Бұдан бөлек, Ауғанстанға 16,6 мың тонна автомобиль бензині (+4,6 есе) және 120,9 мың тонна жалпақ илем (+2,8 есе) экспортталды.

Бұдан бөлек, Қазақстаннан Ауғанстанға 74,3 млн алюминий құтысы экспортталды. Өткен жылы бұл өнім бойынша жеткізілімдер болмаған. Сонымен қатар 152 жүк көлігі жөнелтілді, бұл былтырғы көрсеткіштен 1,8 есе төмен.

Ал Ауғанстаннан Қазақстанға импортталған тауар көлемі екі есеге азайып, 18 мың тоннаны құрады. Импорттың ақшалай көлемі де 1,7 есеге төмендеп, $6,7 млн болды.

Қазақстанға Ауғанстаннан 8,9 млн литр тәтті сусын (-3,6 есе), 1,3 мың тонна жеміс-жидек (жүзім, қауын, қарбыз, алма, өрік) (-13,8%), сондай-ақ, 42,5 тонна зефир мен жарма батондары (+8,2 есе) импортталды.

Қазақстан нарығына Ауғанстаннан 312,4 тонна алюминий таба (-2 есе) және 185 тонна шойын қазан (+12,8 есе) жеткізілді. Сонымен қатар, өткен жылы жеткізілмеген 1,5 мың шаршы метр тоқылған кілем импортталды.

Бұдан бөлек Ауғанстаннан Қазақстанға 46 тонна нефрит (+7,7%), 3,3 мың тонна тальк (+3 есе), 73,3 мың дана ағаш пен бұта (-2 есе), сондай-ақ, 2,8 мың тонна хром кені мен концентраттары жеткізілді.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.