Қазақстанның қорғаныс шығындары 1 трлн теңгеден асты

17 мая 2022 года

2022 жылы Қазақстанды қорғауға республикалық бюджеттен 1 трлн астам теңге жұмсалады, бұл алдыңғы редакцияға қарағанда 18,9%-ға артық, деп хабарлайды LS.

Аталмыш соманың 494,7 млрд теңгесін қорғаныс министрлігі алады. Бұл республикалық бюджет туралы Заңның алдыңғы нұсқасынан 13%-ға артық.

Министрлік қарулы күштердің жауынгерлік, жұмылдыру дайындығын қамтамасыз етуге 491,4 млрд теңге, сондай-ақ, қорғаныс пен қарулы күштерді ұйымдастыру саласындағы мемлекеттік саясатты айқындау және іске асыру жөніндегі қызметтерге 3,3 млрд теңге жұмсамақ.

Өз кезегінде индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне 7,3% өсіммен 341,1 млрд теңге бөлінеді. Барлық сома мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындауға бағытталады.

Қорғаныс шығындарынан төтенше жағдайлар министрлігі де – 185,6 млрд теңге үлесін алады, бұл алдыңғы редакциядан 80,2%-ға артық. Қаражат табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың (ТЖ) алдын алуға және жоюға, ТЖ-дан қорғау объектілерін салуға және реконструкциялауға, бейінді органдардың күрделі шығыстарына және т. б. жұмсалады.

Осы қорғаныс шығындарынан басқа, қорғаныс министрлігіне бөлінген басқа да шығындар бар. Осылайша, білім беру саласы аясында ведомство жалпы білім беру мен мамандарды даярлауға шамамен 17,5 млрд теңге алады.

Денсаулық сақтауға жұмсалатын шығындарға келсек, қорғаныс министрлігінің қарулы күштерді медициналық қамтамасыз етуге  8,4 млрд теңге жұмсалады. Бұл сан өзгерген жоқ.

Сондай-ақ, қорғаныс саласына кірмейтін бюджет шығыстарының жеке бабы ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) шығындары болып табылады – 424,6 млрд теңге. Бұл ақша ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және оның жүйесін дамыту бағдарламасына бағытталады. Бюджетке өзгерістер енгізілгеннен кейін бұл сома 22,9%-ға өсті.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Последние новости:
На чем зарабатывают казахстанские банки и почему они прибыльнее развитых стран
вчера
Жители Казахстана тратят на еду большую часть зарплаты, чем в Беларуси, России и Китае. Инфографика
вчера
Минздрав пересмотрит лицензирование стоматологов после скандала с пенсионными деньгами
вчера
Қазақстан ЕО санкциялар жөнінде ескерту алмады
вчера
Дьявол кроется в деталях: названы главные страхи инвесторов горнорудной отрасли
вчера
Бюрократия дороже урожая: Казахстан теряет овощные рынки соседей
вчера
Казахстан не получал уведомлений от ЕС о введении вторичных санкций
вчера
Нацбанк выполняет свою роль, но инфляция остается высокой из-за действий правительства – мнение
вчера
НПЗ Казахстана обяжут производить больше востребованных ГСМ
вчера
Банктер шоттар жайлы мәліметті салықшыларға тапсырады
16 сентября 2025 года
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.