Қазақстанның қай аймағында жалақы жоғары

СҚО-да жалақының ең төменгі деңгейі тіркелді

4 мая 2021 года
    

Қазақстанда орташа айлық 230,8 мың теңгеден асты. LS редакциясы аймақтар бойынша жалақы мөлшерін салыстырп көрді.

Алматыда қызметкер 2021 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша орташа есеппен айына 268,5 мың теңге алады, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 11,9%-ға артық. Бұған ұлттық статистика бюросының кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алмағандағы деректері дәлел бола алады.

Табыс деңгейі бойынша топ-3 салаға тау-кен өнеркәсібі (715,3 мың теңге), қаржы және сақтандыру қызметі (527 мың теңге), ақпарат және байланыс (382,3 мың теңге) кіреді.

Нұр-Сұлтанда орташа жалақы 11%-ға өсіп, 307,5 мың теңгеден асты. Тау-кен өндіру өнеркәсібінде – 1,13 млн теңге, қаржы және сақтандыру қызметінде – 643,3 мың теңге, кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 586,1 мың теңге.

Сонымен қатар, Қазақстанның екі өңірінде жоғарыда аталған қалаларға қарағанда жалақы көбірек алынады. Мәселен, Атырау облысында олар 405,8 мың теңгеге (+17,2%) жетеді. Тау-кен өндіру саласында – 1,4 млн теңге, кәсіби, ғылыми, техникалық қызметте – 858 мың теңге, әкімшілік қызмет көрсету саласында – 560,7 мың теңге.

Ал Маңғыстау облысында орташа жалақы 6,4%-ға 344,3 мың теңгеге дейін өсті. Ең көп табыс тау-кен өнеркәсібі – 791,6 мың теңге, көлік және қоймалау – 413,7 мың теңге, өңдеу саласында – 375 мың теңге.

Жалақысы төмен өңірлерге келетін болсақ, Солтүстік Қазақстан облысы көш бастап тұр – 166,7 мың теңге (+17,6%). Қаржы және сақтандыру қызметіне 263,8 мың теңге, тау-кен өндіру қызметіне – 229,7 мың теңге, көлік және қоймалауға – 222,3 мың теңге тиесілі.

Өз кезегінде, Шымкентте бұл көрсеткіш 15,6% өсіммен 175,9 мың теңгені құрады. Бәрінен бұрын тұрғылықты жер мен тамақтану қызметтерін ұсынумен айналысатын қызметкерлер – 262,6 мың теңге, қаржы және сақтандыру қызметінде – 241,9 мың теңге, көлік және қоймада – 224 мың теңге табыс табады.

Үштікті Жамбыл облысы аяқтайды, жалақысы 176,9 мың теңге (+22,8%). Өңірде жоғары жалақы алу үшін тау-кен өндіру өнеркәсібіне - 266,4 мың теңге, қаржы және сақтандыру қызметіне – 225,5 мың теңге, көлік және қоймалауға – 218,1 мың теңге бару керек.

Бұған дейін, LS ең көп жалақы алатын салалар туралы жазған болатын.

Дереккөз: Ұлттық статистика бюросы

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Последние новости:
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.