2021 жылы Қазақстанда 12 мыңнан астам қызметкерге қажеттілік бар, деп хабарлайды LS.
Ұлттық статистика деректері бойынша, Қазақстанда кадрларға деген қажеттілік 12,1 мың адамды құрайды. Ең көп мамандар Алматыда – 3,8 мың адам және Нұр-Сұлтанда – 3,6 мың адам қажет болады. Сондай-ақ, Атырау облысында 1 мыңнан астам адамға қажеттілік туды.
Сонымен қатар, елімізде 37 мың жұмыс орны бос тұр. Мұнда Нұр-Сұлтан Алматыдан 7,2 мың орынмен алда келеді.
Ең көп жұмыс орындары өнеркәсіп саласында – 11,1 мың бірлік, ал ең аз жұмыс орындары жылжымайтын мүлік саласында – 320 бірлік. Бұл ретте кәсіби мамандар үшін жалпы санның 22,5%-ы. 5,9%-ы техник – мамандар мен өзге де көмекші кәсіби персоналға, 19,5% – қызмет көрсету және сату саласының қызметкерлеріне; 19,2%-ы-өнеркәсіп, құрылыс, көлік және басқа да ұқсас кәсіптер жұмысшыларына, 9,9% – біліктілігі жоқ жұмысшыларға тиесілі болды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін LS Қазақстанда жалақыны әділ көтеруді талап еткені туралы ақпаратты жариялаған болатын.