Қазақстандықтарды жұмыспен қамту үшін жүздеген миллиард теңге қажет

Биыл шамамен 75 млрд теңге

31 мая 2021 года

Қазақстанда алдағы төрт жылда жұмыс іздеуге 230 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалады, деп хабарлайды LS.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жоспарында 2021-2024 жылдары "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 231,6 млрд теңге жұмсау көзделген. Оның ішінде биылғы жылға – 74,9 млрд теңге, келер жылға – 80,7 млрд теңге. Өткен жылы 73,5 млрд теңге бөлінген болатын.

Еңбек министрлігінде қаражат халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамытуға жұмсалатынын атап өтті. Осының есебінен өздігінен жұмыспен қамтылғандарға, жұмыссыздарға және біліктілігі жоқ адамдарға дағдыларын жақсартып, жұмыс таңдауға мүмкіндіктері артады деп күтілуде.

Нәтижесінде жұмыспен қамту орталықтарына жүгінгендердің үлесі 2024 жылы 93,4%-ға дейін өседі. Осы ұйымдар арқылы жұмысқа орналасқандардың үлесі 67%-ға дейін артпақ.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.