Қазақстандықтардың зейнетақысы біршама өсті

20 сентября 2022 года

Қазақстандықтардың орташа зейнетақысы 109 мың теңгеден асты, деп хабарлайды LS.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде 2022 жылдың сегіз айында 1,9 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленгенін атап өтті.

2022 жылдың қыркүйегінде республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 244,1 млрд теңге бағытталды, оның ішінде базалық зейнетақыға – 74,2 млрд теңге, ортақ зейнетақыға – 169,9 млрд теңге.

Айта кетейік, жалпы Қазақстанда 2,2 млн-нан астам зейнеткер бар.

"2022 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 109 224 теңгеге жетті (1 тамыздағы жағдай бойынша- 109 156 теңге)", - деп хабарлады министрлікте.

Бұған дейін, LS редакциясы Қазақстанда зейнетақы қорына қосымша жарналар түсетіні туралы жазған болатын.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.