Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының қазіргі жағдайы

сегодня

Қазақстандықтардың БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтары табыстылық бойынша оң нәтиже көрсетуде, деп хабарлайды LS.

2025 жылғы 1 қыркүйектегі дерекке сай, БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері 24,46 трлн теңгеге жетіп, бір ай ішінде 180 млрд теңгеге өсті.

Жыл басынан бері инвестициялық табыс 1,30 трлн теңгені құрады. Бұл көрсеткіш тамызда 1,12 трлн теңге болса, қыркүйекте 16%-ға артып отыр. Ал салымшылардың шоттарына есептелген табыстылық 5,43% болды.

2024 жылдың қыркүйегінен 2025 жылдың тамызына дейінгі аралықта есептелген инвестициялық табыс шамамен 2,74 трлн теңгені құрады. Осы кезеңдегі табыстылық 12,6% болса, инфляция деңгейі 12,2% болды.

Сонымен бірге, 2025 жылдың тамызында қаржы нарықтарында құбылмалылық төмендеп, оған еңбек нарығының баяулауы мен АҚШ Федералдық резерв жүйесінің жұмсарған риторикасы ықпал етті.

"Тамыз айында АҚШ-тың эталондық 10 жылдық қазынашылық облигацияларының кірістілігі 15 б.п.-ға төмендеп, 4,23%-ды құрады. Дамушы елдердің облигациялары бойынша спрэдтер 4 б.п.-ға, ал корпоративтік облигациялар бойынша 3 б.п.-ға ұлғайды. Сонымен қатар MSCI World акциялар индексі 2,49%-ға өсті",- делінген БЖЗҚ мәліметінде.

Бұған дейін, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов БЖЗҚ активтерінің басым бөлігін жекеменшік қорларға беру қажет екенін айтқан болатын.

Бұған дейін, кәсіби қатысушылар зейнетақы жинақтарының едәуір бөлігін жеке басқарушы компанияларға тапсыруды ұсынған. Олардың пікірінше, мұндай компаниялардың табыстылығы БЖЗҚ-дан жоғары болып келген.

Бұған қоса, БЖЗҚ активтерін жылжымайтын мүлік пен жеке капиталға бағыттау мүмкіндігі де қарастырылған болатын.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.