Қазақстандықтардың күнкөрісіне қанша ақша қажет

29 сентября 2022 года

Қазақстанда 2022 жылдың қыркүйегінде ең төменгі күнкөріс деңгейі бір адамға айына шаққанда 47 420 теңгені құрады, деп хабарлайды LS.

Бұл көрсеткіш өткен жылдың қыркүйегімен салыстырғанда 24,5%-ға өсті.

Көрсеткіш жас және жыныстық ерекшеліктері бойынша ерекшеленеді. Мәселен, Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2022 жылғы қаңтарда 18 жастан асқан еңбекке қабілетті ерлер үшін ең төмен күнкөріс деңгейі 55 824 теңгені (жылына+18,1%), әйелдер үшін – 44 280 теңгені (+18,1%) құрады.

Зейнеткерлер мен қарттар үшін бұл көрсеткіш 43 899 теңгеге (+16,9%), ал 14 жасқа дейінгі балалар үшін – 41 310 теңгеге (+16,9%) жетті. 14-17 жастағы ұлдар үшін – 59 157 теңге (+18,1%), қыздар үшін – 45 329 теңге (+18,1%).

Сондай-ақ, күнкөріс деңгейі аймақтар бойынша ерекшеленеді. Ең жоғары көрсеткіш 2022 жылдың қыркүйегінде Маңғыстау облысында – 58 626 теңге (жылына+23,6%), Астанада – 52 031 теңге (+16,3%), ШҚО-да – 51 190 теңге (+21%), Алматыда – 50 504 теңге (+16,2%), Алматы облысында – 50 504 теңге (+16,2%), Ақмола – 48 648 теңге (+22,2%) – және СҚО – 48 441 теңге (+21,3%).

Ең төменгі күнкөріс деңгейі Қызылорда облысында – 42 556 теңге (+13%), Түркістан облысында – 43 477 теңге (+13,6%), Жамбыл облысында – 44 373 теңге (+18%).

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.