Ұлттық экономика министрлігі Қазақстанда жаңа жылдан бастап енгізілетін салық өзгерістері туралы тізімді тізбектеп шықты, деп хабарлайды LS редакциясы.
Сонымен, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап келесі нормалар белгіленеді:
- банктердің Ұлттық банктің ноталары бойынша салық салынатын табысты азайту құқығын алып тастау;
- Ұлттық қордан жіберілетін балалардың нысаналы жинақтарын кіріске қоспау;
- коллекторлық агенттік, микроқаржы ұйымы берешекті есептен шығарған (кешірген) кезде жеке тұлғаның кірісіне кірістерді қоспау;
- жеке тұлғалардың декларацияларын табыс етпеу туралы хабарламаның түрін салық заңнамасында белгіленген мерзімде алып тастау;
- активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну мерзімдерін, кірістер мен мүлік туралы есепті жасау мерзімдері мен ерекшеліктерін нақтылау;
- шыны ыдыстарды жинайтын және қабылдайтын шағын бизнеске арнайы салық режимін қолдануға рұқсат беру;
- арнайы экономикалық аймақтардың қатысушыларына санаттар бойынша белгілі бір мерзімге салықтық жеңілдіктер беру (А санаты-жеті жыл ішінде, В санаты-15 жыл ішінде, С санаты – 25 жыл ішінде) (709-бап);
- көлік құралын іздестіру кезеңіне көлік салығын төлеуден босату үшін негіз берілген кезде уәкілетті органның атауын нақтылау, қылмыстық іс қозғалған күнді сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде өтініш тіркелген күнге ауыстыру;
- кәсіби төлемдер түріндегі шегерімдер бойынша;
- салық төлеушінің ауысымдық есептерді, қолма-қол ақшаны есепке алу кітаптарын және тауар чектерін, сондай-ақ, басқа да чектерді басып шығарған немесе толық толтырған күннен бастап бес жыл бойы сақтау жөніндегі міндетін алып тастау;
- соттарда мемлекеттік баж төлеуді кейінге қалдыру тәртібі мен шарттарын айқындау.
Ал салықтық әкімшілендіру бөлігінде редакциялық, нақтылау сипатындағы нормалар енгізіледі.