Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының бір бөлігін жеке басқаруға бере алады

30 мая 2023 года

1 шілдеден бастап қазақстандықтар зейнетақы жинақтары сомасының 50%-дан аспайтын бөлігін жеке басқаруға бере алады, деп хабарлайды LS.

Еңбек министрлігінің ақпаратына сәйкес, салымшы зейнетақы жинақтарын жеке басқарушы компанияға аударған кезде оның жинақтарын басқа басқарушы компанияға аудару не Ұлттық банктің, яғни БЖЗҚ-ның басқаруына қайтару құқығы сақталады.

"Мемлекет Ұлттық банктің басқаруындағы жинақ бойынша ғана зейнетақы жинақтарының сақталуына кепілдік береді", - деп түсіндірді министрлікте.

Инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) сенімгерлік басқаруына берілетін зейнетақы жинақтарының сақталуына салымшы таңдаған компания жауапты болады.

"ИПБ алған номиналды табыстылық пен зейнетақы активтері табыстылығының ең төменгі мәні арасындағы жыл қорытындысы бойынша теріс айырма туындаса, басқарушы компания осы айырманы салымшыға өз қаражаты есебінен өтеуге міндетті. Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру үшін салымшы БЖЗҚ-ға жүгінуі тиіс", - деп хабарлады министрліктен.

Бұған дейін, LS редакциясы қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарының 50%-на дейін жеке басқаруға беруге рұқсат етілгенін жазған болатын. Сондай-ақ, 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап зейнеткерлер өз жинақтарын емделуге және тұрғын үй жағдайларын жақсартуға пайдалана алатыны белгілі болды.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.