Қазақстандықтар криптокартамен төлей алады

вчера

Қазақстандықтар енді криптокарта көмегімен төлем жасай алады. Бұл туралы LS-тің ресми сауалына Ұлттық банкте жауап берді.

Ұлттық банктің ресми жауабында криптокартаның клиенттің атына банкпен рәсімделетін стандартты төлем құралы екені көрсетілген. Ол криптопровайдер арқылы цифрлық активтерді теңгеге автоматты түрде конвертациялап, төлем жасауға мүмкіндік береді.

Бұл жоба криптопровайдерлермен бірлесе отырып крипто-фиаттық үлгіні іске асыруды қалайтын барлық екінші деңгейлі банктерге (ЕДБ) қолжетімді.

"Жобаға қатысу тек белгілі бір банктермен шектелмейді. Қазірдің өзінде бұл бастамаға қызығушылық білдіріп, енгізу үдерісін технологиялық және құқықтық жағынан пысықтап жатқан ірі қаржы институттары бар. Бірқатар банктер криптокарта қызметін іске қосу сатысының соңғы кезеңінде тұр", – деді Ұлттық банкте.

Сонымен қатар криптокарталарға қойылатын талаптар кәдімгі банк өнімдеріне қойылатын талаптармен бірдей болады. Олардың қатарында міндетті сәйкестендіру, карта иесінің ЖСН-інің болуы және басқа да шарттар бар. Алайда, эмитент белгілейтін қосымша талаптар да болуы мүмкін. Мысалы, "Астана" халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) лицензиялаған цифрлық активтер биржасындағы криптоәмиянды растау шарты.

"Криптокарталарға қойылатын талаптар дәстүрлі банк карталарына ұқсас. Атап айтқанда, карта иесінің ЖСН-і болуы және міндетті сәйкестендіру рәсімінен өтуі қажет. Сонымен қатар, эмитентке байланысты қосымша шарттар да енгізілуі мүмкін", – деп түйіндеді Ұлттық банкте.

Айта кетейік, 3 маусымда Ұлттық банк АХҚО лицензиялаған криптобиржалардағы әмияндарға байланған, қолма-қол ақшасыз операцияларды жүргізуге мүмкіндік беретін "Криптокарта" жобасын іске қосты.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.