Қазақстандықтар БЖЗҚ-дан 522 млрд теңге алған

сегодня

Қазақстандықтар жыл басынан бері Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) сақтандыру ұйымдарына 159,22 млрд теңге аударды деп хабарлайды LS.

Жалпы, 2026 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында БЖЗҚ-дан барлық жарна түрлері бойынша төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударылған қаражат көлемі 522,73 млрд теңгені құрады.

Төрт айда жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне 97,98 млрд теңге жұмсалды. Орташа ай сайынғы төлем – 38 952 теңге.

Жыл басынан бері қазақстандықтар тұрғын үй жағдайын жақсарту мен емделуге 205,62 млрд теңге жұмсаған.

Мұрагерлік бойынша төлемдер көлемі 41,25 млрд теңгені құрады.

Ал шетелге тұрақты тұруға кеткен азаматтар БЖЗҚ-дан 14,21 млрд теңге алған.

2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының жалпы көлемі 26,74 трлн теңгеге жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,64 трлн теңгеге немесе 15,8%-ға көп.

Айта кетейік, Қазақстанда зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегін есептеу әдістемесі өзгерді. Бұл көрсеткіш БЖЗҚ-дағы қаражатты баспана алуға немесе емделуге пайдалану мүмкіндігіне тікелей әсер етеді.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.