Жеңілдетілген автонесиені сәуір айында іске қосу жоспарлануда

16 марта 2022 года

Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы сәуір айында іске қосылуы мүмкін. Бұл ақпаратты LS-ке премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың өкілі Руслан Иманқұлов растады.

Иманқұловтың айтуынша, Скляр аталған мәселенің пысықталғаны туралы хабарлаған. 
 
"Жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бағдарлама сәуір айында іске қосылуы мүмкін. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде және экология министрлігінде хабарлайды", - деп түсіндірді ол. 
 
Айта кетейік, бағдарламаға 100 млрд теңге бағытталады. Автожүргізушілер отандық құрастырылған автокөліктерді бастапқы жарнасыз жылдық 4% - бен жеті жыл мерзімге сатып ала алады.
 
Бұған дейін, LS Қазақстанда жеңілдетілген автонесиелеу қандай жағдайда жұмыс істейтінін хабарлаған болатын.
Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.