Қазақстанда келесі жылдың соңына дейін 21,5 млрд теңгеге тоқыма өндірісі жолға қойылмақ. Бұл туралы LS-ке индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде хабарлады.
Министрліктің мәліметінше, 2022-2023 жылдары елімізде 13 жобаны іске асырылады. Оларға жалпы сомасы 21,5 млрд теңге инвестицияланады. Нәтижесінде 1,3 мың жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
Оның ішінде 2 млрд теңгеге 200 жұмыс орны бар аралас иірілген жіп өндірісі іске қосылады. Кәсіпорынның қуаты жылына 2,5 тонна өнімді құрайды. Барлық өнімдер Түркия мен Қытайға экспортталады.
Тағы бір зауыт- 2,5 млрд теңгеге – 39 жұмыс орнын құрып, кілемдер мен кілем бұйымдарын өндіретін болады. Қуаттылығы 1,4 млн шаршы метр, ішкі нарықта 70% өндіріс қалады. Ал қалған 30%-ы Қырғызстанға, Ресейге, Өзбекстанға, Германияға және Тәжікстанға экспортталады.
Шұлық-ұйық бұйымдарын өндіруге 1 млрд теңге бөлінеді. Зауытта 30 адам жұмыс істейтін болады. Қуаттылығы жылына 2 млн бұйымды құрайды, олар Қазақстанда сатылады.
Ақтөбеде 629,5 млн теңгеге тігін фабрикасы кеңейтіледі. Онда 150 бос орын пайда болады, ал қуаты елде сатылатын жылына 850 мың өнімді құрамақ.
Тағы бір кілем және кілем бұйымдарын өндіру 3,3 млрд теңгеге қаржыландырылады. 70 адам жұмысқа орналасса, жылына 900 мың шаршы метр кілем бұйымдары шығарылады. Өнімнің 30%- ы Қырғызстанға, Ресейге, Өзбекстанға, Германияға және Тәжікстанға жеткізіледі.
1,8 млрд теңгеге басқа зауыт ішкі нарыққа жылына 4 мың тонна иірілген жіп өндіретін болады. Онда 50 жұмыс орны құрылады.
Бұдан басқа, киім, аяқ киім және шұлық-ұйық бұйымдарын өндіруге 400 млн теңге бағытталмақ. Бұл фабрика 200 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп, Қазақстаннан сатып алушылар үшін жылына 43 мың бұйым, сондай-ақ 35 мың жұп аяқ киім шығарады.
Елде 150 жұмыс орны бар тоқыма емес бұйымдар өндірісі іске қосылмақ. Оған 250 млн теңге инвестицияланады. Сондай-ақ, мата өндірісіне тағы 1 млрд теңге жұмсалады (100 жұмыс орны). Фабрика 100 млн теңгеге жылына 120 мың іш киім жиынтығын тігетін болады (11 адам). Тағы 900 млн теңге қуаттылығы жылына 20 мың жұп мамандандырылған аяқ киім шығаратын өндірістік кешенге (100 жұмыс орны) бағытталса 30% өнім экспортқа шығады.
Қазақстанда қуаттылығы жылына 90 мың қысқы және 150 мың жазғы жиынтық болатын тігін цехына 550 млн теңге инвестицияланады. 150 жұмыс орны құрылуда. Өнімнің 90%-ы Ресейге жеткізіледі.
7 млрд теңгеге шұлық-ұйық бұйымдарының өндірісі кеңейтілмек. Жылына 100 млн өнімнің 70%-ы Ресейде және Еуропа елдерінде сатылады. Жаңа зауытқа 100 адам жұмысқа орналасады.