Қазақстандардың 100 мыңнан астамы жұмыс таба алмай жүр

Тағы 31,2 мың адам ұйымның банкротқа ұшырауына немесе штаттың қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған

18 февраля 2020 года
    

Қазақстанда 2019 жылдың IV тоқсанында 441,4 мың жұмыссыз қалды. LS тілшісі олардың еңбек нарығының жиегінде қандай себеппен қалғанын анықтап білген болатын.

Статистикаға сәйкес, Қазақстанда 103,4 мың адам жұмыс таппаған, ал 96,7 мың адам әзірше жұмыс істемейді, себебі өз қалауы бойынша жұмыстан босатылған.

75,3 мың адам отбасы жағдайына байланысты жұмыс істемейді, 33,3 мың адам үй шаруашылығын жүргізумен айналысады, ал 31,2 мың адам ұйымның банкротқа ұшырауына немесе штаттың қысқаруына байланысты жұмыстан шығарылды.

Бұдан басқа, 29,9 мың адамда еңбек шартының мерзімі аяқталса, ал 18,8 мың адам денсаулық жағдайына байланысты жұмыс істемейді.

15,5 мыңға жуық адам оқу орнын бітіргеннен кейін жұмысқа орналаса алмаған болса, ал 14,1 мың адам маусымдық жұмыс арқылы табыс тауып отыр.

8,9 мың адам бұрын кәсіпкерлік қызметпен айналысқандықтан жұмыс істемейді, бірақ осы күні ол кәсіптерін аяқтауға мәжбүр болған. Бұл ретте 4,3 мың адам күндізгі оқу бөлімінде оқиды,ал 3,9 мың адам жеке қосалқы шаруашылықта жұмыс істейді.

2,9 мың адам зейнетке шықса, сонша адам жұмыс істеу мүлдем қажет деп санамайтын болып шықты.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.